Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«САПАРБАЕВ ШАРШАМАЙДЫ»

c 09:09, 08/12/2021 c 1256

0:00 / 0:00

68 жастағы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халықтың қамы үшін, Мемлекет басшының тапсырмасын бұлжытпай орындау үшін әлі де болса еңбек етуге дайын. Бүгін елордадағы әкімдердің дәстүрлі брифингіне қатысқан Сапарбаев журналистер сұрағына осылай деп жауап берді. Ал әкім өзінің айлығы қанша екенін атаудан бас тартты. Жамбыл облысының экономкиалық, әлеуметтік даму барысын баяндаған ол, Қордайда орын алған жанжал бойынша жағдай тұрақталды деді.
Мәтін. Елордаға ат терлетіп келген Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі шешімі табылмай жатқан талай мәселе шешілгенін баяндады. Өздеріңізге мәлім ол Жамбыл облысына Қордайдағы қазақ-дүнген қақтығысынан соң әкім болып барған еді. Еске сала кетейік, өңірде қазақтар мен дүнгендер жолға таласып, кикілжің орын алғанды. Ақырында арты үлкен қақтығысқа жалғасып, кісі өлімі тіркелген еді. 50 адам күдікке ілініп, жетеуі сотталды. Бұл облыс көпұлттар шоғырланған аймақ екені мәлім. Осы жағдайдан соң «Бейбітшілік және келісім» жобасын қолға алынған болатын. Әкім қазір өңірде жағдай тұрақты дейді.

Жалпы Сапарбаевты кризисмэн деп атап кеткен. Қай өңірде проблема туындаса, мемлекет басшысы сол аймаққа Сапарбаевты тағайындап, мәселені шешуде шеберлік танытып жүрген әкім. Дегенмен, жылдар өтіп жатыр, жұмыстан шаршамайтын Бердібек Сапарбаевтың жасы да келіп қалды. Бірақ 68 жастағы әкім әзірге зейнеткерліктің рахатын көруге асығар емес.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «Бұл менің қауқарым мен Президентке байланысты. Кез-келген адам еңбегіне қарай бағалануы керек. Денсаулығы дұрыс болса, күш-қайраты болса неге халыққа қызмет етіп, Президенттің тапсырмасын орындай бермеске. Ең бастысы мемлекет басшысының сенімі»

Сондай-ақ, әкімнің жалақысына қатысты сұрақ қойылған еді. Сапарбаев мырза бұл жолы да айлығының көлемін атаудан бас тартты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы үкімет қаулысы негізінде еңбек өтіліне қарай белгіленетінін тағы да қайталап айтамын. Әріптестерім қанша жалақы алатын болса, сонша алып жүрмін»

Айта кетейік, Жамбыл облысының халқы ең төменгі жалақы алатындар қатарында. Кейбір мәліметтер бойынша, Бердібек Сапарбаевтың екбекақысы 865 180 теңгені құрайды екен. Ал Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев 1 миллион 900 мың теңге жалақы алады. Осы алаңда
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ай сайын 1млн 800 теңге алатынын жариялағанды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.