Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Саннан сапаға

c 17:26, 25/11/2019 c 415

0:00 / 0:00

Тұрғындардың «Орал таза сервис» ЖШС-не қарызы 200 млн. теңгеден асқан. Бұл туралы Орал қалалық әкімдігінде өткен брифингте сала мамандары мәлімдеді. Осы орайда айта кеткен жөн, серіктестік қызметі коммуналдық ақыны алдағы уақытта қымбаттатуды жоспарлап отыр. Өйткені техникалық базасы әбден ескірген мекеме бұлай жалғаса беретін болса, қала тазалық ісінде ақсауы мүмкін екенін жасырмады.Күніне Орал қаласының аумағынан 200 тонна тұрмыстық қалдық шығаралады. Бұл шараларға 20-25 жұмысшы тартылған. Қала тазалағына жауапты кәсіпорын диекторы Рафхат Данағұлов биыл шаһар территориясына 800 еворконтейнердің алынғанын мәлімдеді. Олар Оралдағы жаңадан бой көтерген аудандармен контейнерлер жетіспейтін аумақтарға қойылған. Сонымен қатар облыс орталығында тұрмыстық қалдықтарды бөлек-бөлек сұрыптауға арналған қосымша контейнерлер қолданыла бастады. Олардың саны 500. Алдағы уақытта көбейту жоспары бар. «Орал таза сервис» ЖШС бүгінде жұмысшы жетіспеуі және техниканың ескіруі сынды проблемалармен күресе отырып қызмет етіп келеді. Сала мамандары алдағы уақытта тариф құнының 300 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін екенін де жасырмады. Дегенмен қашан ол жағы белгіссіз. Ең бастысы арзандамасы анық.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.