Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА ҚОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПОЛИГРАФТАН ӨТЕДІ

c 12:55, 27/01/2023 c 96

0:00 / 0:00

Самұрық-Қазына қорына жұмысқа алу тәртібі қатаңдаған. Былтырдан бері компания басшылық қызметке үміткерлерді тағайындамас бұрын оларды шындыққа тексеретін детектордан өткізіп жатыр. Әсіресе мұндай тексерістен сатып алу жұмысына қатысты мамандар өтеді . Өткен жылы қорға қарасты 52 компанияға жұмысқа тұруға өтініш білдірген 133 үміткер полиграф арқылы сынаққа тартылып, 27-сі шындығын айта алмай, жұмысқа қабылданбаған. Бұл жайында Самұрық-Қазына қоры өткізген брифинг барысында мәлім болды.

«Самұрық-Қазына» қорының жұмысына қатысты Президент тарапынан көп сын айтылған болатын. Қасым-Жомат Тоқаев компанияда мемлекеттік сатып алуларға қатысты ашықтық жоқ деп сынағанды. Сондай-ақ, Президент қорға қарасты ұлттық компаниялардың жұмысы әлі де тиімсіз деп атағаны есімізде. Соңғы 2-3 жылда «Самұрық-Қазына» қорының қызметінде, ондағы басқарудың корпоративтік құрылымында, кадр саясатына байланысты кемшіліктер бар екені айтылды. Елдің әлеуметтік саласына қолдау көрсетеді құрылған ұлттық әл-ауқат қоры шектеулі топтың мүддесіне ғана жұмыс істейтін ұйымға айналып бара жатқанын Президент мәселе етіп көтерген еді. Енді компания осы кемшіліктерді түзеуге кірістік деп отыр. 2022 жылы «Самұрық-Қазына» қорына қарасты 8 ұлттық компанияның басшысы ауысқан. Компания басшылығына үміткерлер шындыққа тексеретін детектордан өткізіліп жатқан көрінеді.

Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» қорына қарасты еншілес компаниялардың басшылығына қазақстандық азаматтарды тарту үрдісі жүріп жатыр. Ал директорлар кеңесі мен бақылау кеңестерінің құрамындағы шетелдіктердің саны бір жыл ішінде 40% қысқарған.

Ауғановтың айтуынша, қысқартулардан үнемделген қаражат жалпы ұжымның еңбекақысын көтеруге бағытталыпты. Бұл орайда төмен жалақы алатындарға көбірек қосылса, жалақысы жоғарыларға үстеме аз қосылды. Осылайша жұмысшылар арасындағы жалақы айырмашылығын азайтуды көздеп отырмыз деп сендіреді компания өкілі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.