Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САМАТ ӘБІШ ҚАШЫП КЕТПЕЙ МЕ?

c 14:26, 01/12/2023 c 48

0:00 / 0:00

Экс-президенттің немере інісі Самат Әбіш ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі қызметінде тез өсті. Генерал шенін алған ол 2015 жылдан 2022 жылдың қаңтарына дейін ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді. Алайда қаралы қаңтар оқиғасы Назарбаевтың нмере інісінің өмірін күрт өзгертті. Себебі, қаңтар трагедиясынан кейін ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары ұсталды. Сотталды. Мәсімовтің мүлкі тәркіленіп, ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Мәсімовтің орынбасары болған Самат Әбіш тек қызметінен босатылып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалған да жоқты. Самат Әбіштің жаупакершіліктен құтылып кеткені қалай ?-деген сұрақ қоғамды мазалағаны сөзсіз. Ал осы жылдың 19-ы қыркүйегінде Самат Әбішке қатысты тергеу басталды. Ол "қаңтар оқиғасы" кезінде билік пен лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр. Алайда Назарбаевтың немере інісі қамауға немесе үй қамаққа алынған жоқ. Покуратура Самат Әбішке қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасын енгізді. Емін-еркін жүрген Әбіш елден қашып кетпей ме деген сұрақ қойылды. Прокурор Өмірәлиев оған негіз жоқ деп отыр.

Осылайша прокуратура Самат Әбіштен ешқайда кетпеу туралы алған қолхатқа сеніп отыр. Ал қоғамда резонанс тудырған экс-министр Қуандық Бишімбаевтің ісі не болып жатыр? Прокурордың айтуынша, Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргендігі айдан анық. Бишімбаевқа қатысты аса қатыгездiкпен адам өлтіру бабы бойынша іс қозғалды.

Ал оның туысы да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны мәлім. Өмірәлиевтің айтуынша, Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс "Адам өлтіруден", "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру" бабына ауыстырылды. Енді экс-министрге 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.