Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Салық төле!

c 16:07, 18/06/2020 c 698

0:00 / 0:00

33 мыңнан астам оралдық көлік, мүлік және жер салығын уақытылы төлемей, мемлекетке 350 млн теңгедей бережақ. Бұл туралы мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары хабарлайды. Мамандар салықтан жалтарған жандарды анықтап, бережақты қайтару үшін арнайы рейд шараларын ұйымдастыруда.

Мемлекеттік кірістер басқармасының таратқан ақпарына сүйенсек, 33 мыңнан астам оралдық дер кезінде салық төлемей отыр. Азаматтар жер, көлік және үй салықтарының төлемін кешіктіріпті. Қазіргі таңда бережақтың құны 350 млн теңгені құрап отыр. Ең көбі темір тұлпарды тізгіндеп жүрген жандарға тиесілі.

Салықты өндіру үшін мемлекеттік кірістер басқармасы, полиция қызметкерлері мен жеке сот орындаушылары арнайы рейд шараларын ұйымдастыруда. Мамандар "Ураган" полиция көлігімен салықтан жалтарып жүрген жандарды анықтап, олардың көлігін тоқтатады. Сол бойда қалтасында тиісті қаражаты бар жүргізушілер бережағын төлеп те жататын көрінеді.

Күні бүгінге дейін рейд шарасы барысында салықтан жалтарып жүрген жандардың тоғыз көлігі айыптұрағына қойылған. Қазіргі таңда тоғыз темір тұлпардың иесі бережағын толықтай өтепті. Салықты үш айдан артық төлемей жүрген жандардың шетелге шығуына, көлігі және жылжымайтын мүлігіне шектеу қойылып, жалақысының бір бөлігін ұстап қалу сынды шаралар қолданылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.