Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САЛЫҚ САЛМАҒЫ КІМГЕ ТҮСЕДІ?

c 01:08, 20/10/2023 c 58

0:00 / 0:00

Мәжіліс Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасы қарады. Өзгеріс көп. Табыс көзі молайған сайын, салық салмағы да арта бермек. Еліміздің бас экономисі Әлібек Қуантыров, жылына 50 млн теңге табыс табатын қазақстандықтар үшін жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы енгізілетінін айтты. Бұл табыстың мөлшеріне қарай өзгеретін салық көлемі. Яғни табысың артқан сайын, салынатын салық та өсе бермек.

ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ – ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ «Жеке тұлғалар үшін прогерссивті жеке табыс салығын қарастырып жатырмыз. Бұл жылына 40-50 млн теңге табыс тауып отырғандар жеке тұлғаларға аранлаған. Сонымен қатар, апссивті кірістерге де қолданамыз. Мысалы, депозиттерге,бағалы қағаздарға инвестиция салғандарға салынады. Бұның 50 млн төмен табыс тауып отырғандарға қатысы жоқ».

Министр айтқандай, жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы дегеніміз – табыстың мөлшеріне қарай өзгеретін салық ставкасы. Яғни прогрессивті шкаланың мағынасы – айлығы төмен азаматтар салықты аз төлесе, ал жалақысы көп азаматтар үшін салық мөлшері ұлғаяды.Бүгінде қазақстандықтар айлығынан 10% жеке табыс салығын төлейді. Сондай-ақ, темекі мен алкогольге де акциз артады.

ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ – ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ «Акциздер темекі өнімдеріне, алкогольге артады. Мысалы, брендидің акцизі төмен болған. Ал оның көлемі арақпен бірдей болуы керектін. Импортпен келген қымбат алкоголь ішімдіктеріне байлық салығы салынады.Жүз есеге өседі.»

Салық заңнамасындағы тағы бір өзгеріс- проблемалық қарыз алушылардың кешірілген берешегіне салық салынбауы мүмкін. Бұл
Қазақстандықтардың шамадан тыс кредит алуын азайту үшін жасалып отыр дейді депутаттар. Ол үшін жеке тұлғалардың берешегі микроқаржылық ұйымдармен, коллекторлық агенттіктермен кешірілген кезде қалыптасатын кірістері салық салудан босатылады.

Сондай-ақ жеке тұлғалардың проблемалық микрокредиттері есептен шығарылуына байланысты микроқаржы ұйымдарының кірістерін салық салудан уақытша, яғни 3 жылға босату да қарастырылған. Мұынмен қоса балаларға Ұлттық қор табысынан аударылатын нысаналы жинақтарды салықтан босату да ұсынылды. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.