Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сақтықта қорлық жоқ

c 17:25, 19/04/2019 c 770

0:00 / 0:00

Биылғы жылы өңірде табиғи өрт тіркелген жоқ, бірақ жалпы аумағы 684 гектарды қамтитын 30 жану жағдайы орын алған. Былтыр 4 рет далалық, 7 мәрте орман өрті тіркелген. 2010-2018 жылдар ішінде Төтенше жағдайлар департаменті Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, 13 өрт сөндіру бекетін ашылған болатын. Бөрлі ауданында, Бәйтерек, Теректі, Ақжайық, Сырым, Бөкейорда аудандарында ашылған бекеттер биыл да жұмыстарын жалғастырады.
Қазіргі уақытта арнайы өрт сөндіру құралдары алынып бекеттерге таратылуда. Төтеншеліктердің мәліметінше, табиғи өрттер мен өрттерді болдырмау және жою үшін 2 759 адамнан құралған 150 әскери дайын ерікті өрт сөндіру құрылымы құрылған. Елді мекендердегі ерікті өрт сөндіру жарағында 11 автоцистерна, 859 басқа бейімделген жабдықтар, 1701 аспалы өрт сөндіргіштері, 119 мотопомпа бар. Былтыр облыс аумағында су айдындарында суға бату бойынша 15 төтенше жағдай тіркелген. Департамент мамандарының сөзінше, облыстағы су айдындарында жаппай демалуға арналған 69 орын бекітілген. Орал қаласы бойынша 5 орын бар. Бүгінде оларды жабдықтау және жауапты иелерін бекіту жұмыстары жүргізілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.