Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сақтықта қорлық жоқ

c 16:56, 14/04/2020 c 612

0:00 / 0:00

Облыс әкімі Ғали Есқалиев қаладағы бірқатар денсаулық сақтау мекемелерін аралап, аймақта коронавирус ауруының алдын алу және күресу бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Өңір басшысы алдыңғы шепте жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер үшін қажетті қорғаныс құралдарының болуын қадағалады. Сонымен қатар, ол жедел жәрдем станциясының жұмысын бақылап, қосымша көлік сатып алу және техникалық ғимаратты күрделі жөндеуді назарда ұстауды тапсырды.Төтенше жаңдай кезінде тұрғындар тиісті деңгейде медициналық қызметті алады. Бұл шаралар үшін облыстық ауруханадағы бір ғимарат уақытша арнайы правизорлық орталыққа лайықталған. Бұл жерде ковид 19 инфекциясын жұқтырған емес, уақытша карантиндік режимге жіберілген, бақылауға алынған тұлғалар ем-шара қабылдайды. Уақытша емдеу нысанында бүгінде жүкті әйелдер мен созылмалы дерттері бар науқастар бар. Бұдан соң облыс әкімі медициа мамандарын қорғаныш құралдарымен толықтай қамтамасыз ету жұмыстарын пысықтады. Атап айтар болсақ, індетпен күрсеуде алтын уақыттарымен санаспай күш салып жатқан мамандардың да инфекция жұқтырып алып жатқан фактілері тіркелуде. Бүгінгі күні өңірде бір медбике осы ауруды жұқтырғаны белгілі болса, ел аумағында 200- ден аса медициналық қызметкерге көмек керек екені белгілі болды. Осы орайда арнайы костюмдерді бір немесе екі рет қолдануға болады. Қорғаныш құралдарын әр  екі  жарым сағаттан соң ауыстырылып тұрады. «БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің зертханасының мамандары соңғы талдауларды нақты көрсететін негізгі зертхана болып табылады. Бұл жердегі қызметкерлердің жұмысымен танысқан облыс әкімі Ғали Есқалиев оларға алғысын білдірді. Бұдан соң облыс әкімі жедел медициналық жәрдем станциясының жұмыс барысына қанық болды. Аталмыш орталықта індетпен күресуге 10 бригада жасақталған. Орталықтың жабдықталу станциясын жаңғырту шаралары осы айда басталатын болады. Сонымен қатар 20 қосымша техника биыл сатып алынады деп күтілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, төтенше жағдай кезінде жұмыс жасап жатқан мамандар ынталандырылатын болады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.