Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сақтықта қорлық жоқ

c 16:31, 14/01/2020 c 685

0:00 / 0:00

Қаңтардың 18-нен 19 ына қараған түні православие әлемі Крещение шомылу мерекесін тойлайды. Осыған орай төтеншеліктер шомылу рәсімін өткізуді жоспарлаған барлық адамды қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтауға шақырады. Ежелден келе жатқан крещение мейрамында проваславтық христиандар таң атысымен шіркеулерге барып, құлшылық жасап, кейін діни жоралғыға сай өзенге барып, суға шомылады. Православтық христиандардың нанымында бұл күнгі суда ерекше қасиет бар. Тіпті дертке дауа болып, жыл бойына түрлі ауру сырқаудан қорғайтын ерекше имундық қасиет береді-мыс. Сондықтан суыққа қарамастан, проваславтық христиандар суға сүңгіп, барлық күнәларын жуып-шаяды. Қаланың 4 ауданында және Ақжайық ауданында арнайы суға шомылу ойықтары дайындалуды. Әсіресе халық, ескі сабор атанып кеткен Михайл Архангел шіркеуі аумағында көп жиналады деп күтілуде.Әр жылы бұл күн төменгі температура сақталып аяз болады. Ауа райының қандай болатындығына қарамастан, ойық маңы судан құтқару мамандарымен дәрігерлер қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етіуге күш салады. Осы орайда төтеншеліктер мерекеде қауіпсіздікті ұмытпау қажет дейді.  Шомылумен қатар, адамдар құтыларын қасиетті суға толтырды. Бұл мейрам тек суға түсумен ғана шектелмейді. Шіркеуге барып, тиісті діни-жоралғыларды жасап, құлшылық жасалды. Сенімдеріне байланысты жаратқанға жалбарынып, ниет етіп, тілек тілейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.