Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Робототехника үйірмелері ашылады

c 15:37, 16/02/2018 c 1394

Батыс Қазақстан облысының барлық мектептерінде жыл соңына дейін робототехника үйірмелері ашылмақ. Бүгінде өңірдің 150-ге тарта білім ордасына осы үйірмеге қажетті техника жеткізіліп, кей мектептерде іске қосылып үлгерген. Облыстық білім басқармасы жанынан информатика пәні мұғалімдері үшін арнайы ақпараттық орталық ашылып, оқыту-семинар жұмыстары өтіп жатыр. Орталық маманының айтуынша, робототехника үйірмесі оқушылардың моторикасын дамытып, шығармашылық тұрғыдан ойлауына сеп болады екен. Ал апталық курс соңында қатысушыларға сертификат табыс етіледі. Айта кетелік, бірер ай бұрын ТЕСО Кенгуру мекемесі Орал қалалық Білім Бөлімімен өзара серіктестік құру меморандумына қол қойған болатын. Жиынға қаламыздың 40-шақты мектеп директорлары және семинардан өткен 15ке тарта мұғалім қатысты. Педагогтардың барлығын да сатылы модульді семинардан өткізу жоспарда бар.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.