Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

РИМ ПАПАСЫНЫҢ САПАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ

c 09:13, 13/09/2022 c 1297

0:00 / 0:00

Қыркүйектің 14-15 күндері елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне әлемдік діндер мен конфессиялардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде. Айтулы жиынға қатысатын Рим Папасы Францистің елімізге сапарында Қазақстан халқы мен дипломатиялық корпус алдында сөз сөйлеуі, Мессасы жоспарланып отыр. Қазақстан билігі құрметті қонағын қарсы алуға қызу дайындық үстінде. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің хабарлауынша, Рим Папасының Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі жоспарлануда. Ал Рим папасының мессасына 3 мың қажы қатысады. Оған көрші елдер мен Орталық Азия елдерінің өкілдері келеді. Сондай-ақ ол қоғамдық кездесу өткізіп, шіркеуге барады,- деп күтілуде. Мәлім болғандай санаулы күндерде өтетін шараға Рим Папасы өзінің жеке пулындағы 81 журналистпен келеді. Жалпы Діндер съезіне 300 журналист қатысады.

Съезд жиынында негізгі төрт мәселе қаралады. «Қазіргі заманда рухани және адамгершілік құндылықтарды нығайтудағы діндердің рөлі», «Діндер мен мәдениеттердің өзара сыйластығындағы және бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы білім мен діни ағартудың рөлі», «Дін лидерлері мен мемлекет қайраткерлерінің жаһандық дінаралық диалог пен бейбітшілікті ілгерілетуге, әсіресе, діни негіздегі экстремизм, радикализм және терроризмге қарсы іс-қимылға қосқан үлесі». Сондай-ақ, «Әйелдердің қоғамның әл-ауқаты мен тұрақты дамуына қосқан үлесі және әйелдердің әлеуметтік мәртебесін қолдаудағы діни қоғамдастықтардың рөлі» талқыға салынбақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.