Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ресурстық орталық форматы өзгерді: жастарға жаңа мүмкіндік!

c 12:00, 19/07/2018 c 785

0:00 / 0:00

Енді кәсіп ашпақ болған, екі қолға бір күрек таба алмай, жұмыс іздеп дал болған жастарға жастар ресурстық орталығының есігі айқара ашық! Форматы өзгертіліп, қайта ашылған орталық қағазбастылықтан айырылып, тек электронды түрде қызмет атқармақ. Арна тілшісі оң өзгерістердің куәсі боп қайтты.

Жастар ресурстық орталығының кеңес беру бөлімі жаңа қырынан ашылды. Ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында аталған бөлім форматы өзгерді. Жаңа жастарға қызмет көрсету орталығының жұмысымен облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов арнайы танысты. Шетелдік тәжірибеге сүйене жасақталған нысанға оң баға да берілді.

Орталық есігі жастар үшін айқара ашық тұрмақ. Басты ерекшелік ұзын сонар кезекке тұрмастан алуан түрлі көмек алуға болады. Мұндағы компьютертерлер де, принтер мен кеңесші көмегі де сіздің құзырыңызда.

Орталық есігін алғаш боп ашып, көкейкесті мәселелерін шешуге келген жастар бірден сұрақтарына тұшымды жуап алып жатты. Орталық өңірдегі ондаған кәсіпорындаррмен келісімге келіп, жұмыс сұрап келген тұрғындарға мүмкіндік ұсынуда.

Осы секілді қызмет көрсету орталықтары енді облыс аудандарынан да ашылмақ.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.