Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ ҚАШАН ӨТЕДІ?

c 08:58, 05/05/2022 c 1274

0:00 / 0:00

Өткен аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Коснтиуицяға енгізілетін өзгерістерді қабылдау үшін бүкілхалықтық референдум өтетінін айтқанды. Енді референдум қашан өтеді деген сұрақ туындайды. Орталық Сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісовтің хабарлауынша, Мемлекет басшысының референдум өткізу туралы Жарлығы шығысымен, бірайдан үш ай аралығында өтеді. Сондай-ақ, Коснтитуциядағы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы деген норма референдумда дауысқа қойыла ма, жоқ па белгісіз. Өтемісовтің айтуынша, референдумға шығарылатын ұсыныс өзгеруі де мүмкін.

Жақында елде бүкілхалықтық референдум болатыны мәлім. Осыған орай Парламент Мәжілісі конституциялық өзгерістер енгізуге арналған референдум кезінде бюллетеньде белгі қою тәртібін бекітті. Яғни дауыс беру тәртібі өзгереді.

Заң жобасын бірауыздан қолдау тауып, сенаттың қарауына жолданды. Осылайша депутаттар бастамашы болған бұл түзету референдум кезінде азаматтардың шатаспауына мүмкіндік береді деп сендіреді. Өздеріңізге мәлім, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен аптада Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынғанды. Ал референдум нақты қай күні өтетіні белгісіз. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісовтің айтуынша Мемлекет басшысының референдум өткізу туралы Жарлығы шыққан соң бір айдан үш ай аралығында өтеді. Алайда, қоғам күтіп отырғандай Коснтитуциядағы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы деген норма референдумда дауысқа қойыла ма, жоқ па белгісіз. Өтемісовтің айтуынша, референдумға шығарылатын ұсыныс өзгеруі де мүмкін.

Конституция енгізілетін 30-дан аса өзгерістің бірі –Назарбаев пен оның отбасына бірқатар артықшылықтарды беретін Тұңғыш президент туралы заң күшін жояды. Еласы титулы алынып тасталады. Ол Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы бірінші президент болып қалады. Бұл оарйда Нұрсұлтан Назарбаевқа мемлекеттен зейнетақы төленіп, күзет қызметі ұсынылады. Депутат Берік Бекжановтың пікірінше Ата заңнан Тұңғыш Президентке қатысты норманы түбімен жою мүмкін емес.

Конституцияның 3-бабында жазылғандай, адамның және азаматтың конституциялық құқығы мен бостандығының бұзылуына әкелiп соғатын мәселе, тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының мәртебесін, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптерін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесін өзгерту мәселесі республикалық референдумның талқысына салынбайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.