Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПУТИННІҢ САПАРЫ

c 01:51, 10/11/2023 c 37

0:00 / 0:00

Астана осымен екінші апта қатарынан қонақ күтіп жатыр. Бұл жолғы мейманымыз-көрші Ресей Президенті Владимир Путин. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қадірлі қонағын әуежайда өзі қарсы алды. Ал Ақордадағы қарсы алу рәсімі түс кезінде басталды. Екі елдің делегациясы Владимир Путиннің Ақордаға келу сәтін көк кілемнің үстінде, арнайы Құрмет Қарауылымен қарсы алды. Тоқаев пен Путин қол асылып, амандасқанан кейін, президенттер қаздай тізіліп тұрған екі елдің үкімет мүшелерімен танысып-білісті. Одан әрі ел басшылары өңіралалық ынтымақтастық форумына қатысуға бет алды.

Форумда ауыл шаруашылық мәселелеріне басымдық берілді. Қазақ басшысы Қазақстанның аграрлық секторын индустрияландыру мәселесіне тоқталды. Үш жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнім үлесін 70 пайызға дейін арттыру міндеті тұр деді Тоқаев. Президент алдағы бес жылда Қазақстанның агросекторында жалпы сомасы 2,7 триллион теңге болатын 900-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Қазақ басшысы форум барысында «Халал» стандартына сай бәсекеге қабілетті, экологиялық таза және экспортқа бағдарланған өнім шығару басты мәселе болып отырғанын да айтты.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы агроөнеркәсіп және экспорт әлеуетінің толыққанды пайдалан аламй отырғанымызға көлік-логистика саласындағы шектеулер әсер етіп отыр деді. Салдарынан Қазақстан мен Ресейде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығыны 40 пайызды құрап отыр деді Тоқаев. Бұл проблеманы шешу үшін Қазақстанда алдағы үш жылда 1мың 300 шақырымнан асатын теміржол салынбақ.

Қазақ-ресей өңіралалық ынтымақтастық форумында заманауи аграрлық ғылымды дамыту және агроөнеркәсіп кешеніне инновацияны белсенді түрде енгізу мәселесі де сөз болды. Бұл орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан зерттеу университеттерінің рөлін күшейте отырып, «білім – ғылым – өндіріс» үштаған жүйесі аясында ғылым саласын реформалауды бастағанын жеткізді.Ал көрші елге бірлескен агроинновация орталықтарын құруды ұсынды. Олар жаңа технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні коммерцияландырумен және өндіріске енгізумен айналысар еді деді ол. Қостанайда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумында жалпы сомасы 100 млн долларға жаңа келісімдер мен шарттарға қол қойылуы мүмкін деп мәлімдеді Ресей Президенті Владимир Путин. Айта кету керек құдайы көршімізбен әлемдегі ең ұзақ шекарамыз бар. 7,5 мың шақырымды құрайды. Ресейдің 11 облысы мен Қазақстанның бірнеше өңірі шекарласып жатыр. Саясаттанушылардың бағалауынша, Қазақстан көршіге тәуелді. Мұнай экспортының басым бөлігі Ресей арқылы тасымалданды. Мұнайгаз саласы қазақстандық бюджеттің 40 пайызын қамтиды. Ал қара алтынның 80 пайызы Ресей аймағындағы Каспий мұнай құбыры арқылы сыртқы шығарылады. Құбыр желісінің 31 пайызы Ресейге тиесілі. Әрине мұнай тасымалдау үшін Баку порты, Қытай мұнай құбыры, Өзбекстанның темір жолы сияқты жолдары бар. Бірақ Каспий мұнай құбырының көлемі мен бағасына және мұнай жеткізу жылдамдығына ешбірі ілесе алмайды. Сондай-ақ, қазақ елі ресей импортына да тәуелді. Дүкен сөрелерінде ресейлік азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар, киім-кешек дегеніңіз самсап тұр. Путиннің келтірген мәліметтерінен-ақ мұны байқауға болады.

ВЛАДИМИР ПУТИН – РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Ресей Қазақстанға бидай сияқты тауарлық өнімдердің негізгі жеткізушісі. Құс еті – 80-90%, қант – 70% дейін, ашытылған сүт өнімдері – 60-70% Қазақстанға экспортталады. Жалпы, 2022 жылы ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктің екіжақты тауар айналымы 22 пайызға артып, төрт миллиард долларға жетті. Ал биылғы жылдың алғашқы жеті айында тағы үш пайызға өсті. Ал біздің еліміз Қазақстан нарығын үздіксіз қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр»

Форум барысында мәлім болғандай Ресейдің 76 өңірі Қазақстан облыстарымен тікелей серіктестік байланыс орнатқан. Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы келесі жылы Уфа қаласында өтетін болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.