Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Пробацияның пайдасы

c 16:50, 22/02/2019 c 579

0:00 / 0:00

Өткен жылы Орал қаласының пробация қызметінің есебінде 976 адам есепте тұрған. Ол азаматтардың 57-сі жұмысқа орналасыпты. Темір тордан шыққан азаматтарды жұмыс берушілердің басым көпшілігі жұмысқа қабылдағысы келмейтіні жасырын емес. Бірақ олар да қоғам мүшесі, сондықтан да қоғам өміріне араласуға толық құқылары бар.

Түзету мекемесінен шыққан азаматтардың жұмысқа орналасуы, жан бағуы, қайтадан қылмыс жасамауы күн тәртібінен түспейтін сауал. Бүгінгі таңда 1000-ға жуық оралдық пробация қызметтің есебінде тұр. Есепте тұрған азаматтардың әлеуметтік сауалын шешу үшін арнайы түсіндіру жұмыстарының атқаратын рөлі зор.

Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға мемлекеттің есебінен бір реттік 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандар жұмыспен қамту орталығынан кеңес алып, шағын жәрмеңкелерге қатысып, жұмысқа орналаса алатын мүмкіндікке ие.

Есепте тұрса да, жұмысқа тұрып, отбасын асырап отырған жандар аз емес.

Бүгінде пробация қызметінің есебінде тұрып, сот үкіміне бағынбаған 78 азамат жазасын қайтадан түрмеде өтеп жатыр. Пробацияның ережесіне бағынбаған жандардың пікірі жинақталған бейнефильм шараға келген азаматтарға көрсетілген еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.