Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТУЫСТАРЫНА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛАДЫ

c 08:03, 19/04/2022 c 303

0:00 / 0:00

Президенттің отбасы мүшелеріне, туғандарына, жекжаттарына, ерлі-зайпытының туыстарына басшылық қызметке келуге шектеу қойылады. Әділет министрі Қанат Мусин «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңына және басқа да бірқатар заңға өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді. Өздеріңізге мәлім, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында президенттің өкілеттілігі өзгеретінін, суперпрезиденттік басқару формасынан бас тартатынын айтқан еді.

Әділет министрлігі сәуір айының соңында Парламентке президенттің өкілеттілігіне өзгерістер енгізетін Конституциялық заңды енгізбекші. Министр Мусиннің айтуынша, енді президенттің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындары басшысы лауазымын атқаруына тыйым салынатын болады.

Заң қабылданған соң, президенттің ағасы, әпкесі, балалары "Самұрық-Қазына" қорына кіретін ұйымдарда немесе "Бәйтерек" сияқты ұлттық компанияларда басшылық қызметке орналаса алмайды. Президенттің жақындары саяси лауазымдарға да маңайлай алмайтын болады. Оның ішінде дипломатиялық миссия да бар. Журналистерді қазір Болгариядағы Қазақстанның елшісі лауазымын атқарып жүрген Теміртай Ізбастинге қатысты сұрақ мазалады. Айта кетейік, Ізбастин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарындасы – Қарлыға Ізбастинаның күйеуі.

ҚАНАТ МУСИН- ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ "Жаңағы тыйым енгізілген бойда барлығы заң бойынша жасалады. "Қызметтен алып тастайды" деген сөз кеңес дәуірінен қалған термин шығар. Ол кісі қызметін босатуға тиіс, себебі заң бойынша оны атқара алмайды"

Осылайша президенттің туысы болсам тәуір қызметке топ ете қаламын деген ұғымнан арылармыз деген үміт бар. Сондай-ақ, президенттің өкілеттілігін өзгертуде туыстарына қатысты шектеулермен ғана тәмам болмайды. Суперпрезиденттік басқару формасынан Парламенттің ықпалы күшейтілмек. Жолдауда Президенттің артық өкілеттіктерін болдырмау және әкімдер мен мәслихаттарға жергілікті жерлерде дербестік беру арқылы «қолмен басқару» практикасынан кету қажеттігі айтылды. Осыған байланысты Президенттің облыстар және Республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің актілерін тоқтата тұру немесе олардың күшін жою жөніндегі құқығы, сондай-ақ аудан және ауыл әкімдерінің лауазымдарынан босату құқығы алып тасталады. Мемлекет басшысы тағайындайтын сенаторлар саны азаяды. Прзиденттік квота 15 депутаттан 10 депутатқа дейін қысқармақ. Оның бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.