Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ СҰҚБАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

c 02:50, 13/01 c 30

0:00 / 0:00

Жаңа жылдың басы мемлекет басшысының ауқымды сұқбатын талқылаумен бастау алғанды. Отандық БАҚ, әлеуметтік желі түгел Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұқбатын жарыса талқылап, саясаттанушылар мен сарапшылар да өз пікірлерін ортаға салды. Онда экономиканы әртараптандыру және монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаңғырту, бизнесті дамыту мәселесі де сөз болды. Тіпті экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кеткен кезі, қаралы қаңтар оқиғасы, Тоқаев енгізген реформалар, елде өткен сайлаулар бәрі қозғалды. Елордада бас қосқан қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғылыми-сарапшылық, азаматтық қоғам өкілдері мен депутаттар Қасым-Жомарт Тоқаевтың аузынан шыққан әр мәселені талқыға салды. Соның ішінде елде Атом электр стансасын салу мәселесі депутат Нұртазаға әбден жаққан екен. Өздеріңізге мәлім, Президент АЭС салу мәселесін халық шешеді, ол үшін жалпыұлттық референдум өткіземіз дегенді. Әзірге ядролық реакторды салуды қай елге сеніп тапсыратынымыз белгісіз, бірақ салынатын орын мәлім.

Одан әрі қазақ тарихындағы ірі тұлғалардың бірі, мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевқа қатысты пікір де айтылды. Айтпақшы Қонаевтың бүгін туған күні. Ол 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Елді 20 жылға таяу басқарған Дінмұхамед Қонаевқа қатысты мәліметтер тәуелсіздік алған 30 жылда соншалықты кең айтылмады. Енді тарихи әділеттілік орнайды дейді тарихшы.

 ЖАҚСЫЛЫҚ СӘБИТОВ -ТАРИХШЫ «Қонаев ұлт қаһарманы ретінде мойындала бастады. Оның еңбегі ерен. Бәзбірлеу сияқты оның тусытары миллиардер болған жоқ. Бұл рөл жақсы модель. Біз тарихи әділеттілік туралы айтқанда бұл адамның ұлт мақтаныш ретінде оралуы әділеттілік деп білеміз. Себебі, оны ұмыттурға, тарихтан сызып тастауға тырысқандар болды»

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының триггері Дінмұхамед Қонаевтың Қазақстан басшылығынан алынуы болғаны тарихқа аян. Бүгінде жастардың ереуіліне тамызық тастаған арнайы ұйымдастырушылар болғаны туралы деректер де шыға бастады. Олардың ереуіл ұйымдастырудағы мақсаты Д. Қонаевтың абыройын емес, өздерінің саяси мүддесін қорғау болғаны айтылып жүр. Бірақ қазақ ұлтының халық ретінде сақталуы үшін көшеге шыққан мыңдаған жасты алаңға шығарған себептердің бірі - шынымен де Дінмұхамед Қонаевқа деген құрмет болатын деп жазады сарапшылар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.