Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Президент сапары

c 18:19, 13/05/2019 c 789

0:00 / 0:00

Қазақстан Республикасының президенті жұмыс сапарымен Ақ жайық өлкесіне табан тіреді. Президент облыс жұртшылығымен кездесіп, өңірдің дамуы үшін атқарылуы керек тапсырмаларды жүктеді. Қасым жомарт тоқаевтың баяндамасында 7 тапсырма бар. Бірінші міндет өңірге инвестиция тарту. Шетелдік қаржыны тарту тапсырмасын күллі үкімет жүзеге асыру керектігін баса айтты. Президент ауыл шаруашылығын дамыту саласына тоқталып, шағын және орта бизнестің тек ғана Орал мен Бөрлі ауданында дамып жатқандығын айтып, өзге аудандардың әкімдеріне бұқара халыққа кәсіп ашу ісін үйретуді тапсырды. Сондай-ақ, құрылыс қарқынын еселеп, экология мәселесін назардан тыс қалдырмауды, ауыл- аймақты таза ауыз су мен тақтайдай тас жол салу ісін де тілге тиек етті. Президент жастар жылында жастарға қолдау көрсетіп, келешекте жастарға арналған форум ұйымдастыралатын жеткізді. Сондай-ақ, шенділердің қара халықтың базасына құлақ асып, олардың талап тілегін орындау керектігін баса айтты.

Жиында сөз алған батысқазақстандықтар өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жіпке тізіп, талап-тілектерін президентке жеткізді.

Шара соңында президент еліміздегі ауызбіршілікке тоқталып, елдің дамуы үшін жұмыс жасап жүрген қарапайым азаматтардың еңбегіне тоқталып, облыста бел жазбай жұмыс жасап жүрген құрылысшы, дәрігер мен мұғалімге алғыс хатын табыстап, жастармен селфилетіп жиынды қорытындылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.