Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Премьер лигада қалу үшін күрес

c 18:19, 08/10/2018 c 574

0:00 / 0:00

Орал қаласының "Ақжайық" футбол командасы премьер лига аясындағы 29 турды өз алаңында өткізді. Бұл жолғы қарсыласы  -Петропавл қаласының "Қызылжар СК" аяқ допшылары. Екі команда үшін де бұл кездесуде есе жібермеу маңызды болды. Сондықтан қонақтар да, алаң иелері де оңай шағылар жаңғақ емесін дәлелдеп бақты. Өкінішке орай, матчта есеп ашылмай, 0:0 ұпайымен ойын тәмамдалды.

Премьер лигада қалу-2 команданың да алдына қойған мақсаты. Сондықтан қос тарап бір-біріне есе жібермеу үшін тер төкті. Ауа райынының қолайсыздығына қарамастан Петр Атоян атындағы алаңға жиылған жанкүйерлер де бір орында тыпыршып тұра алмады. Ойыншылар теке тіреске толы кездесуде табло көрсеткішін қанша тырысса да өзгерте алмай, матч 0:0 ұпайымен аяқталды. Дегенмен осы нәтижесінің де турнирдегі орынға оң ықпалын тигізді.

Тең ұпайға қонақтар разы болса, алаң иелері үздік нәтижеге жетер мүмкіндік пайдаға аспай қалғанына нала болды. Келесі кездесу 21-қазанда Атырау қаласындағы футболшылармен өтеді. Қазір жерлестеріміз турнир кестесінің 9-шы орнында келе жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.