Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Полиция бөлімінің фронт-кеңсесі ашылды

c 13:09, 04/12/2018 c 900

0:00 / 0:00

Бүгін облыстағы  алғашқы полиция бөлімінің фронт-кеңсесі ашылды. Орал қаласының полиция басқармасының  бірінші қабатында, үлкен холлда келушілерді бөлімше қызметкерлері қарсы алады.  Кеңес береді, қажетті қызметті тез арада көрсетеді. Темір торлы есіктер мен қатаң өткізу режимінің орнына қала тұрғындарын мамандар қарсы алып, сол жерде кеңестер беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.«Аумағы 60 шаршы метрді құрайтын қызметтік орын заманауи талаптарға сай және қажетті жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Фронт-кеңсе ғимараты 3 бөлімнен құралған. Аудиотаспа қызметі бар видеобақылау жүйесімен қамтылған». Бұл жұмыстың басты мақсаты - полиция қызметінің ашықтығы мен айқындығын көрсету, қала тұрғындарын қабылдау үшін ыңғайлы жағдай жасау.

ДИНАРА ӘБДҮЛХАЛЫҚОВА, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: - Күн сайын екі қызметкер кезекшілікте отырады. Мәселен тұрғындар қарпайым сауалмен немесе кеңес алу үшін сағаттап кезекте тұрады. Тұрғындардың уақытын үнемдеу үшін және полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жасалған жұмыс. Күрделі сұрақтар немесе мәселелер болса оны да анықтап, тисіті мамандарға жолдайтын боламыз.

Күн сайын Орал қаласының полиция басқармасына 100-ден астам қала тұрғыны түрлі мәселемен келеді. Мұнда  оралдықтар жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар бойынша шағымдар жазады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.