Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Пойыз қаққан адам оқиға орында көз жұмды

c 18:04, 29/03/2022 c 538

0:00 / 0:00

Орал-Желаев темір жолында жүк пойызы бір адамды қағып кетті. Азамат оқиға орынында жан тапсырды. Сала мамандары оқиғаның кешкі сағат тоғыздар шамасында тіркелгенін айтады. Бұл- 2022 жылы темір жол рельстерінде тіркелген алғашқы қанды оқиға. Өткен жылы облыс аумағында теміржол рельстерінде 12 апат болған еді. Соның кесірінен алты адам қаза тауып, бірнеше азамат түрлі дене жарақатын алды. Сала мамандары темір жол рельстерінен өткен кезде сақ болуға шақырады.

Руслан Сақалов, Көліктік бақылау инспекциясының бас маманы:

- Азаматтар темір жол рельстерімен өткен кезде сақ болғаны абзал. Орал қаласы бойынша арнайы белгіленген жолдар бар. Тұрғындар көпір мен белгіленген орындарды пайдаланғаны дұрыс. Азаматтардың басым көпшілігі рельстерден өткенде құлаққаппен музыка тыңдап келе жатады. Олар пойыздың келіп қалғанын естімейді. Бір пойыз тоқтаған күннің өзінде ұзақ жүріп аялдайды. Өткен жылы облыс аумағында теміржолда 12 апат тіркелді. Өкінішке орай, пойыз қаққан 6 адам қаза тапты,-дейді.

Сурет https://inbusiness.kz/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.