Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПИК жұмысына сын көп

c 18:03, 04/08/2020 c 586

0:00 / 0:00

ПИК көп қабатты тұрғын үйлерді жылыту маусымына дейін толықтай дайындауы тиіс. Бүгінде үйлердің жертөлелері мен кәріз желілерін мамандар тексеріп, тозығы жеткендерін жөндеп, апаттардың алдын алу бағытындағы шараларды атқаруда. Сонымен қатар ПИК өздеріне тиесілі аумақтағы үйлердің маңын жинап, абаттандыру жұмыстарымен қатар, электр бағандарына кедергі келтіретін қураған ағаштар бұталарын кесуі тиіс. Осы орайда ТҮКШ өкілдері өз істеріне салғырттық танытып отырғандарды атап өтті.Орал қаласы әкімдігінің жанынан құрылған мониторингтік топ әр тұрғынмен жеке-жеке тілдесіп, оларды мазалайтын сұрақтарға жауап беруге тырысты. Мәселен, Есқалиев көшесі 146 үйдің байырғы тұрғыны, зейнеткер Зәуреш Қалиева кіреберістегі баспалдақтардың қауіпті екенін айтып шағымданды.Орал қаласында барлығы 107 ПИК бар. Олар жылыту маусымына дейін толықтай тексерілетін болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.