Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПИК жұмысы өзгереді

c 16:36, 18/02/2020 c 420

0:00 / 0:00

Өздеріңіз білетіндей,  елімізде «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша заң» қабылданып, тиісті нормалар күшіне енгелі жатыр. Жақында қабылданған жаңа заң бойынша ПИК жұмысына қандай өзгерістер енгізілмек? ТҮКШ дегенде ең алдымен, ПИК жұмыстарына қатысты шағымдар өте көп болатын. Себебі ПИК жұмысты бастан аяқ өзі атқаратын. Яғни, ПИК жұмысты өзі жасап, нәтижесін қабылдап, атқарылған жұмысқа өзі баға беріп, жиналған ақшаға сай тиісті төлемдерді жүргізіп отыратын. Сол себепті мүлік иесі мен қызмет көрсететін компанияның құқығының ара жігін ажыратып алу керек болды. Тұрғындар өзіне қызмет көрсететін компанияның жұмысына көңілі тола ма, жоқ па - пікірін білдіре алады. Осыған байланысты әр үйдің өз шоты болады. Яғни, мұндағы жүйе бір шот - бір үй - бір басқару органы бойынша құралады». Сала мамандарының айтуынша, басқару формасы екі түрлі болады. Яғни заңды тұлға да, заңгерлік білімі жоқ адам да жетекшілік жұмысты атқара алады. Себебі 4 немесе 6 пәтерден ғана тұратын үйлерде заңгерлік білімі бар адамдар табылмауы мүмкін.«Көппәтерлі үйлердің тұрғындары басқарудың екі формасын өзі таңдай алады. Яғни, оларға басқарушы компанияны жалдап ала алады. Болмаса базалық дағдысы бар адамды өздері сайлап, өз үйлерін басқара алады».Заң бойынша тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмысының тәртібіне де жаңа нормалар енгізілді. Алдағы екі айдың ішінде тиісті жұмыстардың бәрі үйлестіріліп, наурыз айынан бастап осы заң тәртібі бойынша тиісті жұмыстар басталады.Жергілікті атқарушы органдар шұғыл күрделі жөндеуді талап ететін тұрғын үйлер бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуі керек. Осыдан кейін аталған үйлердің тұрғындарымен келісім жасалады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.