Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПИК жауапты

c 17:27, 07/03/2019 c 718

0:00 / 0:00

Шатырға жиналған қар мен мұздықты тазалау жұмыстары ПИК құзыретіне кіреді.  Бұл туралы тұрғын  үй инспекциясының мамандары мәлім етті. Бүгінде тұрғындар тарапынан түсіп жатқан шағымдардың дені күн жылынып төбеден аққан су мен сүңгілер төңірегінде болып отыр. Ал аталған қызметтен бас тартқан ПИК өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылуы да мүмкінЖуков көшесі 9 мекенжайындағы қос қабатты үй тұрғындары шатырдағы қалың қар мен мұз сүңгілерден қауіптенетіндерін айтып редакциямызға хабарласты. Негізінен шатырлардағы қар мен мұзды тазарту көктемгі су тасқынына қарсы күрес жұмыстарының шеңберіне енгізілді. Алайда қалада бұған құлшына кіріскендер байқалар емес. Аталған мекенжайға жауапты ПИК бұл жұмысқа құлшыныс танытпай отыр.

ГАЛИНА  ПАРХОМЕНКО, ПИК ӨКІЛІ: -  Бізге тұрғындар хабарласты. Әзірге біз шатырды тазалай айлмаймыз. Тек қана арнайы белгі қойып қана тұрғындарды қауіпсіздікке шақырамыз. Қазір мұндай жағдай жиі кездеседі.  Аталған үй тұрғындары қар тазалу жұмыстарына қосымша қаражат бөлуге ниет танытып отыр. Дегенмен арнайы құралдарсыз қар тазалау қауіпті.

Егер көктайғақ болса, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құм немесе тұз себілуі тиіс. Сонымен қатар, ПИК өкілдері шатырдағы мұз сүңгілерін де тазалауға  жауапты, бұл туралы жуырда қалалық әкімдікте жиналыс ұйымдастырылып ПИК өкілдеріне ескертіліпті.

РАДМИР ЖАСЕНОВ,  ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: - Қаладағы көгалдандыру және абаттандыру ережесіне сәйкес, барлық жүргінші және көлік жолдары, аула аумақтары қар түскен бойда тазалануы керек. Егер де қар мен мұз уақытында тазаланбаса Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 505-бап яғни  қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша жауапқа тартылатын болады.  Негізінен  тұрғындар қар тазалу жұмыстарына өздері құлық танытса, онда бұл мәселені шешуге болады. Оған арнайы техника қажет. Мұны да ескеру қажет.

Үй төбесіне шығып, тегіс шатырлардың мұзын түсіру жеңіл. Ал бұрыштала жабылған үй төбелерін тазарту қиынға соғады. Ал жұмысшы міндетті түрде сақтандыру белдігімен қамтылуы тиіс. Төменгі қабат тұрғындары  жоғарыдағы  көршілерінің проблемасына бас ауыртпайды. Бұл көпқатарлы үйлердің бәріне тән. Ал шатырдан су кетсе, бар ауыртпалық жоғары қабатта орналасқан пәтер иелеріне артылады. Шатыр бір үйге ортақ екенін және оны күтіп ұстауға қажет қаражатты да бірігіп жинау  керектігін әлі күнге түсінбей келе жатқандар бар. Көктем шыға бұл проблема ушығады. Қалалық тұрғын үй инспекциясы басшылығы ПИК төрағалары мұны осы  бастан қолға алуы тиіс деп ескертеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.