Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Пик бақылауынан тыс қалған үйлер

c 17:19, 26/03/2021 c 398

Оралда 1244 көп қабатты үй болса, соның тек 902-сіне пәтер иелері кооперативі қызмет көрсетеді. Ал 330 көп қабатты үй иесіздер қатарында. Қараусыз үйлер деп кооператив қарамағына жатпайтындарды айтамыз. Сондай қараусыз үйдің бірі- Алмазов 58а мекен-жайында орналасқан.
Расымен, жатақхана тұруға жарамсыз жағдайға жеткендей. Дәліз қоқысқа толы, жағымсыз иістен кейбір кіре берістерде аялдаудың өзі мұң. Жатақхана ұзақ уақыт бойы жөндеу көрмеген. Оны қолға алып жасауды қолдайтын жан жоқтың қасы. Сол себепті тұрғындардың басы бірікпей, жатақхананың жағдайы жыл сайын мүшкілденіп барады. Ал сала мамандары болса: "Қараусыз үйлердегі бүгінгі мәселені тұрғындар өздері қолдан жасайды",-деп кінәні өздеріне артуда.
"Өз үйім",- деп жаның ашымай, салғырт қарасаң, бөтен адам аулаңды келіп жинап, дәлізді әктеп бермейтіні хақ. Жұмыла жасалған жұмыстың жемісін Мұхит 95 мекенжайындағы үй тұрғындары көріп жатыр. Көп қабатты тұрғын үй пәтер иелері кооперативіне тиесілі емес. Десе де дәлізі жинаулы, жағымсыз иіс мүлде жоқ. Бастысы- пәтерлер жылы.
Тұрып жатырған үйдің тазалығын сақтау әркімнің міндеті. Тұрғындардың басым бөлігі уақытша баспананы жалдап тұрып жатырғандар. Сол себепті ай сайын ақы жинауға немқұрайлы қарайды. Үйдің жайын күйттейтіндер сол баяғы байырғы тұрғындар. Жапа шегетін де солар. Айта кетейік, 2022 жылдан бастап ПИК қызметі өз күшін жояды. Содан кейін көп қабатты тұрғын үйді мекендеушілер баспананың жағдайына бір өздері жауапты болып қалмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.