Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Переметное ауылының атауы Болашақ болып өзгертілмек

c 20:23, 25/05/2018 c 938

0:00 / 0:00

"Тілдерді қолдану мен дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның" орындалуы үйлестіру кеңесінің қатаң бақылауында! БҚО әкімдігінде бақылауды жүзеге асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы болып өтті. Кездесуде Бөрлі, Зеленов аудандарында бағдарламаның орындалуы туралы баяндалды. Сондай-ақ қаржы басқармасы мен "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ғы мемлекеттік тілдің ахуалы жөнінде ақпарат тыңдалды.

Тілдерді қолдану дегенде алдымен ана тіліміздің мәртебесіне тоқталмай кетпеске болмас. Аудандарда "Тіл заңнамасы" қаншалықты сақталып жатыр? Тілдерді қолдану және дамыту бағдарламаларының орындалу деңгейі қандай? Алдымен Бөрлі ауданында атқарылған жұмыс тыңдалды.

Бөрлі ауданында елді-мекендердің атауларын өзгерту бойынша жүргізіліп жатырған жұмысқа үйлестіру кеңесі мүшелері сын айтып, өзгерту кезінде атаулардың мағынасына мән беру қажетін қатаң ескертті.

Зеленов ауданы халқының 85 пайызы қазақ тілін, 13 пайызы 3 тілді меңгерген екен. Кәсіпкерлік саласындағы 64 нысан тексеріліп, тіл заңдылығын бұзған 24 нысанға ескерту жасалыпты. Аудан орталығы саналатын Переметное ауылының атауын Болашақ ауылы деп өзгерту көзделіп отырған көрінеді.

Ал "Қазтрансгазаймақ" АҚ өз жұмыстарында, құжат айналымында қазақ тілінің үлесін айтып, тұтынушыларға қызмет ақысы жазылған түбіртектердің қазақ тілінде таратылатынын мақтанышпен жеткізді. Дегенмен кеңес мүшелерін ұлттық құндылықтар ұжымда қаншалықта дәріптеледі деген сұрақ мазалады. Кәсіпорын өкілінің айтуынша ұлттық мерекелерде ұжымда шаралар ұйымдастырылып, салт-дәстүрлер сақталады екен.

Кеңес мүшелері баяндамашыларға айтылған ескертулерден нәтиже шығаруды тапсырды. Зеленов ауданындағы Цыганова ауылы Егіндікөл, Чесноков ауылы Сулыкөл, Щапов ауылы Махамбет, Степной ауылы-Өркен, Чеботарево ауылы Құрманғазы ауылы болып өзгертілмек екен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.