Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Пәтер ұрлығы

c 09:28, 25/05/2021 c 429

0:00 / 0:00

Қазақстанда жасалатын қылмыстардың 10 пайызын пәтер ұрлығы құрайды. Полицейлердің айтуынша, тек  осы жылдың мамыр айының  19-21 күндері аралығында елімізде «Пәтер» шартты атауымен кең ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны өткізу барысында  238 пәтер ұрлығын ашты. Қылмыстық жауапкершілікке 294 пәтер ұрысы, оның ішінде 22 топ тартылды. Ұрылар қылмыстық әрекетін күндізгі уақытта, үйде адам болмаған кезге жоспарлайды дейді полицейлер.

Қазақстанда орын алып отырған қылмыстардың он пайызын пәтер ұрлығы құрап отыр. Бұл қылмыстың ең кең тараған түрі. Қылмыскерлер  белгілі бір аудандарда ғана ұрлық жасаса,  қазіргі уақытта ондай қылмыстар қаланың қақ ортасында, тапа-тал түсте жасалып жатыр дейді полицейлер. Тіпті бір үйдің бірнеше пәтерін тонайтындар да кездеседі. Пәтерге түсетіндер ақша, зергерлік әшекей бұйымдар, былғарыдан жасалған бұйымдар мен ішіктерді ұрлайды. Көзге түспейтін техниканы да қолды қылады.  Ұрылар бұл әрекетін 10  минутта-ақ жасайды. Тіпті жоғарғы қабаттағы пәтерлерге түсіп жатқандар да бар. Төменгі қабаттардағы пәтерлер ұрылар үшін ыңғайлы болып тұр дейді криминалдық полиция қызметкерлері.

Қанат Нұрмағамбетов –ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары -«1,2 қабаттағы пәтерлерге көп түседі.Бірінші қабатында сауда үйлері орналасса сол арқылы екінші қабатқа шығады. Терезесінде темір торлар болмаса пәтерге еркін кіреді. Өрт сөндіру сатысына жақын терезелерді қолданады. Пәтердің есігі ағаштан, құлпы осал болса  еркін сындырып кіреді. Кіре берісінде видеокамерасы жоқ үйлер олар үшін өте қолайлы болып тұр»

Мамандардың айтуынша, ұрылардың 40 пайызынан көбі көзі түскен пәтердің кілтін таңдап барып кіреді. Тағы 29 пайызы үйдің құлпын арнайы құралдармен бұзып, сындырады. Есіктің құлпын бұзбай-ақ кілтпен ашып кіруді де меңгеріп алған.  Бұл қылмысқа 2-3 адамнан құралған топ болып барады. Ұрылар демалыс маусымында,  мереке күндерінде белсенді болады. Үйге түсетін ұрылар түске дейінгі уақытты пайдаланды.

Полицейлердің айтуынша, қылмыскерлер үшін әлеуметтік желі ұрлық жасауды жоспарлауда таптырмайтын жер болып тұр. Себебі, адамдар демалыста жүрген жерін, барлық жүрген- тұрғанын желіге салып отырады. Ұрылар пәтер иелерінің тұрмыстық жағдайын да бақылап алады. Қымбат көлік мінгендерді назарында ұстайды.  Дегенмен, полиция  үстіміздегі жылдың 4 айында елімізде пәтер тонау 30 пайызға қысқарды. Қабылданған іс-шаралар соңғы 5 жылдың ішінде пәтер ұрлығының санын 67 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді деп отыр. Бүгінде тұрғын үйлердің аулаларында  бейнебақылау камерасын орнату қолға алынған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.