Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Пандустарды тексеріп шықты

c 16:55, 11/06/2020 c 637

0:00 / 0:00

Оралда бірде-бір мекеменің пандустары стандарттарға сәйкес келмейді. "Арба" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Батпақұлова осындай мәлімдеме жасады. Облыс орталығында арнайы мониторингтік топтың мүшелері мүмкіндігі шектеулі жандардың мемлекеттік мекемелерге, сауда орындары мен түрлі мекемелерге емін-еркін кіріп-шығуы үшін жасалған мүмкіндіктерді қарап шықты.

Қам көңіл жандар мен түрлі сала мамандары Оралдағы пандустардың стандартқа сәйкестігін тексеріп жатыр. Арнайы мониторингтік топ полиция департаментінде орналасқан пандустарды өлшеп, қарап шықты.

Бірақ ғимартқа кіреберісте зағип жандарға арналған тактильді тақтай мен әйнек есіктерге арналған тиісті жапсырма жоқ. Нысан иелері мен жалға алушылар мониторингтік топтың ескертулеріне құлақ асып, олқылықтарды түзейтінін жеткізді.

Сала мамандары мүмкіндігі шектеулі жандардың емін-еркін жүріп, керек деген мекемесіне кіріп-шығуына жасалған жағдайды жылда тексереді. Айтылған сынға құлақ асып, олқылықтарды түзеп жатады. Бірақ қам көңіл жандарға арнап жағдай жасамай, тиісті шара қолданбайтын мекемелер да бар. Олар белгіленген уақыттың ішінде олқылықтарды түзетпесе, сот алдында жауапкершілікке тартылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.