Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Пандемияның салдары

c 15:41, 11/08/2020 c 434

0:00 / 0:00

Коронавирус пандемиясынан көптеген сала зардап шегіп, шаш етектен шығынға батып отыр. Солардың бірі-қоғамдық көлік иелері. Автопарк өкілдері көктемнен бері 300-350 млн теңгедей шығынға баттық,-дейді. Қалалық әкімдік тасымалдаушыларды қолдау мақсатында бюджеттен субсидия төлеп берген. Субсидияның көлемі 300 млн теңгені құрапты.

Коронавирус пандемиясы бизнестің көптеген саласына өзіндік залалын тигізіп жатыр. Бұрынғы табысынан қағылғандардың бірі-жолаушы тасымалдау саласы. Төтенше жағдай кезінде сәуірде 10 шақты тәулік бойы автобустар мүлдем қатынамаған еді. Кейін де сағаттап қана жүруге шектеулер енді. Қазірдің өзінде демалыс күндері қоғамдық көлік шаһар аумағында қатынамайды. Осы шектеулердің баршасы кәсіпкерлердің қалтасын жұқартып, табысынан қағылуына алып келді. Автопарк өкілдері жолаушылардың саны еселеп азайғанын айтады.

Тасымалдаушылар ассоциациясының келтірген дерегі бойынша пандемия кезінде автопарктер 300-350 млн теңгедей пайдадан қағылған. Қалалық әкімдік тасымалдаушыларды қолдау үшін арнайы мемлекеттен субсидия бөліпті.

Тасымалдаушылар автобус паркін жаңарту мен барлық шығындарды жабу үшін мемлекеттен 1 млрд 300 млн теңгедей қаражат керек деседі. Қыруар қаржы төленбесе, ассоциациясының төрағасы тозығы жеткен автобустармен адамдарды тасымалдау мүмкін болмай, жүйе тоқтап қалады ма деп алаңдаушылығын білдіреді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.