Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өз үйінде өлтіріп кетті

c 13:03, 11/03/2022 c 491

0:00 / 0:00

Оралда айдың күн аманында өз үйінде 1950 жылғы туған әйел адамды белгісіз біреу өлтіріп кетті. Марқұм көптеген дене жарақатынан қайтыс болған. БҚО ПД өкілдері аталған қайғылы жағдайға байланысты ҚР ҚК екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтып өтті. Қанды оқиға Асан қайғы 32/1 мекенжайында тіркелген. 72 жасар марқұмның өлі денесін 1970 жылы туған ұлы кешқұрым жұмыстан үйге оралған соң көрген. Пагондылардың дерегінше 9-шы наурыз күні болған оқиғаға қатысты күдікті әлі анықталған жоқ. Тергеп тексеру шараларына қолайсыз ауа райы да кедергі келтіруде. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.Сонымен қатар, кейуананың үйінде иті де болмаған. Ол есікті құлыптауды ұмыт қалдырған болуы мүмкін. Полицейлердің айтуынша, оқиға орнынан ешқандай мүлік ұрланбаған. Ал сол ауданның тұрғындары марқұмның қолындағы екі алтын сақина мен ер адамның жүзігі қолды болғанын жеткізді. Қазір мәйіт сот медициналық сараптамада. Брифингте сонымен қатар 8-наурыз күні «Андегрануд» сауық орнының алдында болған бұзақылық фактісі туралы да мәлімет айтылды. Екі әйел адамды өлімше етіп сабаған күдікті қазір қамауға алынған. Мәлім болғандай аталмыш жанжал кафе жабылған соң болған. Күдікті мен жәбірленушілер бір-бірлерін танымайтын көрінеді. Ал марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең өтеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.