Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ӨЗ ҮЙІМ-ӨЛЕҢ ТӨСЕГІМ»

c 10:19, 19/07/2021 c 1283

0:00 / 0:00

Пәтер иелері кооперативтерінің орнына мүлік иелері бірлестігі  құру арқылы коммуналдық шығындарды азайтуға болады. Бұл жайында  Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы реформа ға қатысты өткен брифингте айтылды. Бүгінде елімізде пәтер иелерінің басын біріктіретін 7499 ұйым болса, соның 1554-і – мүлік иелерінің бірлестігі  болып құрылған.

Қазіргі күні  көпқабатты тұрғын үйлерде пәтер иелерінің кооперативі үстемдік жүргізіп тұр. Өкінішке орай тозығы жеткен кіре берістер, ауласы талапқа сай емес тұрғын үйлер көп. Тіпті бой көтергеніне көп болмаған жаңа үйлердің өзінде  ПИК қызметі өте төменгі деңгейде жүргізілетінін көруге болады. Пәтер иелері кооперативі тұрғындардан жиналған қаржаттың қалай жұмсалып жатқаны жайында есеп те бермейді деген шағымдар да көп. Яғни істе дәрменсіз, ақша жинауда пәрменді болып отыр.   Әрине өз міндетін тиісті деңгейде атқарып жатқан ұйымдар да бар. Алайда үкімет тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығында реформа жүргізіп жатыр. Бүгінгі күні елімізде 1554 мүлік иелерінің бірлестігі құрылған. Бұл бірлестікті тұрғындар өздері басқарып, үй шаруашылығына қажетті қаражатты бақылап отыратын болады.   Барлық тұрғын үйлер осы жаңашылдықты қабылдауы тиіс. Осылайшы коммуналдық шығындарды азайтуға мүмкіндік туады дейді құзырлы орган өкілдері.

Тіпті мүлік иелері бірлестігіне заңды тұрғыдан кеңес беретін қауымдастық та құрылған. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы реформа Қазақстан азаматтары үшін бәрін басынан бастап, өмірін жақсартуға мүмкіндік береді деп сендіреді шенеуіктер. ПИК төрағалары сервистік басқару қызметін атқаратын болады.  Осылайша Пәтер иелері кооперативтері мен тұрғындар арасындағы байланыс орнайды. Бір мезетте бірнеше үйді басқарып, әр пәтерден айына ең кем дегенде 3-4 мың теңгеден коммуналдық қызметке алым алып отырған  ПИК бұл реформаны қолдап отыр деп айта алмаймыз.  Айта кету керек, қазіргі пәтер иелерінің кооперативтері келесі жылдың 1 шілдесінде өз қызметін тоқтатады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.