Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Отставкаға кетпеймін»

c 20:05, 26/03/2021 c 614

0:00 / 0:00

Әділет министрі Марат Бекетаев адвокаттар, заңгерлер мен нотариустердің шағымына қатысты оставкаға кетпеймін деп мәлімдеді. Еске сала кетейік, адвокаттар мен заңгерлер қолданыстағы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бағытталған заң жобасының жекелеген ережелерімен келісіпейтіндерін айтқан болатын. Тіпті олар 13 наурызда рұқсат етілген митинг өткізбек болған еді. Бірақ митинг карантиндік шектеулерге байланысты өтпей қалды. Дегенмен заңгерлер Мемлекет басшысының атына министр Бекетаевты қызметінен алу туралы петиция да  жазды. Алайда, өзіне сенімді әділет министрін бұл жағдай алаңдатып отырған жоқ.

Қазір Парламент қабырғасында талқыланып жатқан адвокаттар туралы заң жобасына еліміздің қорғаушылары мен заңгерлері үзілді-кесілді қарсы. Адвокаттардың айтуынша, бұл құжат билікке  олардың қызметін бақылауға алып, қажет болған жағдайда лицензиясынан айырып, жұмыстан шеттетуге мүмкіндік береді . Жобада  адвокаттар мен заңгерлерді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" холдингі жасаған электронды ақпарат жүйесі – "Е-Заң көмегі" платформасына қосу міндеттелген. Ол үшін адвокаттар мен нотариустар  ай сайын 3600 теңге төлеуге міндетті. Яғни  жылына шамамен бір миллиард теңгедей жиналады екен. Оған қоса, республикалық адвокаттар алқасына әр адвокат бір айлық есептік көрсеткіш (2917 теңге) көлемінде ай сайын жарна төлеп, аталмыш алқаны қаржыландырып отыру керек. Онсыз да салық төлеп отырмыз. Осылайша республикалық адвокаттар алқасына бәрін бағындырып қоймақ дейді қорғаушылар. Бұл орайда, әділет министрінің көздегені алқа басшылығына өз адамын әкеліп, тәуелсіз авдокаттарды бақылауда ұстау болып отыр дейді адвокат Айман Омарова. Аталмыш заң жобасына қарсылық білдірген қорғаушылар Марат Бекетаевтың оставкасын талап етуде.

Еске сала кетейік, Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау мен Орал қалаларының да адвокаттар бұл заңға қарсы шығып, наурыздың 13 күні митинг өткізбек болғанды. Алайда, карантиндік шараларға қатысты бұл шеру болмай қалды. Адвокаттар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әділет министрінің өкілеттігін тоқтатуды талап етіп, петиция жазған. Алайда  2016 жылдан бері әділет министрлігін тізгіндеп отырған Марат Бекетаевты ешбір шағым орнынан қозғай алмайтын сияқты. Ол отставкаға кетпеймін деді.

Марат Бекетаев – Қр әділет министрі «Ол петицияның мәтінімен таныстым. «Әкімшілік рәсімдер туралы» заң жобасында петиция бұл - назар аударту. Отставкаға кету ойымда жоқ»

Егер депутаттар заң жобасын осы қалпында қабылдаса, билік заңгерлерді, адвокаттарды  бір ұйымға тәуелді етеді. Жұмыс істегісі келген адвокат  коллегияға тіркелуге міндетті болады. Жарна төлейді. Оның аяғы  адвокат пен заңгер қызметінің бағасын өсіреді. Бұл орайда қамшының бір шеті  адвокат көмегіне жүгінетін халықтың қалтасына тиеді. Мамандардың айтуынша, адвокаттар мен заңгерлер тәуелсіз болу керек. Әйтпесе өз міндетін адал атқара алмайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.