Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Отбасы хрестоматиясы" кітаптар топтамасы таныстырылды

c 17:59, 24/06/2021 c 1077

0:00 / 0:00

Қалалық кітапханалар жүйесі  "Отбасы хрестоматиясы" еңбегінің авторы Санжар Керімбай оралдық оқырмандармен кездесті. Рухани құндылықтарды дәріптеп жүрген азамат өз еңбектерін бұқараға таныстырып, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.

Өткен жылы жөндеуден өткен №6 қалалық кітапхананың ғимаратында оралдықтар бұқара халыққа танымал "Отбасы хрестоматиясы" кітаптар топтамасының авторы Санжар Керімбаймен кездесті. Шараның мақсаты- рухани құндылықтарды дәріптеу. Қазіргі таңда белгілі шығыстанушы Түркия елінде білімін жетілдіріп жатыр.

Кездесуге келген азаматтар көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алып, жиыннан рухани азық алғандарына дән риза.

"Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қоры 2013 жылы құрылды. Аталмыш қордың бастамасымен "Әлдиден эпосқа дейін", "Салт-дәстүрлер сөйлейді", "Сияр Шәріп", "Логотерапия немесе өмірге құштарлық" сынды бірнеше кітап жарық көрді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.