Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Отбасы" орталығында кәсіпкерлермен кездесу өтті

c 19:34, 01/12/2021 c 2058

0:00 / 0:00

"ОТБАСЫ" орталығында мемлекеттік бағдарламалардың арқасында кәсіп ашқан жандар орталықтың көмегіне жүгінген оралдықтармен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттік бағдарламалардың көмегі, "оларды қалай алуға болады және бизнес жоспарды қалай құрған дұрыс?"- сынды сауалдар талқыланды.

Өткен жылы ашылған "Отбасы" орталығы сан сұрақпен келген азаматтарға кеңес беріп, жаңа мамандық игертумен жәрдемдесіп келеді. Орталықтың көмегіне жүгінген жандар көп. Қазір олардың бірі жаңа кәсіпті меңгерсе, енді бірі бизнес ашты. Кәсіпкер атанғандар жинаған тәжірбиесімен бөлісіп, тың идеяларын ортаға салу үшін арнайы кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге келген жанның бірі- Айнагүл Жексенова. Кәсіпкер биыл тамызда қайтарымсыз гранттың иегері атаныпты. Қазіргі таңда бизнес субъектісі бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, "Отбасы" орталығы өткен жылдың маусымында өз жұмысын бастады. Күні бүгінге дейін аталмыш орталықтан 1700 астам адам кеңес алды. Орталық 32 шеберлік сабағын ұйымдастырған. Оған қатысқан жандардың жетеуі "Еңбек" бағдарламасы арқылы кәсібін ашуға бел буған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.