Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Отандық туризм

c 19:34, 05/06/2020 c 511

Пандемияға дейін туризм саласы көш бастап, көптеген елдің қуырар табыс тауып, экономикасын жетілдіруге, құрылыс сынды инфраструктурасын дамытуға жәрдемдескені аян. Қазіргі таңда қауіпті вирустың таралуына тойтарыс беру үшін әлем елдерінің барлығы бірдей шекарасын бекітіп, құлыптап қойды. Еуроодақтың өкілдері Шенген аймағында туризм мен биылғы саяхат маусымын сақтап қалу үшін шекараны біртіндеп ашу туралы ұсынысты талқылап, пайда табу үшін жанталасып жатыр. Түркия болса санитарлық талаптарды сақтай отырып, жазда шетелдік меймандарды қарсылау үшін білек сыбана жұмыстарын бастап кеткен. Қауіпті індетті жұқтырып аламыз деп қорыққан жұрт ел ішін аралап, Қазақстанның аумағында саяхаттамақ.

Көптеген елдің экономикасының қарыштап дамуы мен азаматтарының жақсы өмір сүруіне мұрындық болып тұрған туризм саласы биыл коронавирустың кесірінен шығынға батып жатыр. Бірақ пандемияға дейін саяхаттау үшін млндаған адам ақша жинап, әлемнің көрікті жерлерін көруге құмар еді. Былтыр БҚО -да 100 мыңнан астам адам табан тіреп, саяхаттапты. Бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстарғанда 7 пайызға көп.

Облыс көлемінде түрлі тарихи жерлерге экскурсия ұйымдастырып жүрген Айболат Құрымбаев есімді экскурсовод өңірімізде туризмді дамытуға кедергі келтіретін аргументтерін жіпке тізді. Экскурсовод күрделі жолды шетке ысырған кезде, қарайым нысандарға баратын жол нұсқамаларының жоқтығын айтады.

Бірнеше жылдан бері экскурсия ұйымдастырып, туризм саласында еңбектеніп жүрген азаматтар туристтерге ыңғайлы жағдай жасалу керек,-дейді.

Өңіріміздің жауқазыны саналатын- Шалқар көліне барып, суына шомылып, жазғы демалысын ұйымдастыратын мейман көп. Бірақ, осы табиғаттың берген сыйын дұрыс пайдаланып, қызығын көріп отырғанымыз шамалы. Былтыр су айданының қасында 100-ден астам киіз үй тігілген екен.

Жоғарыда айтылған уәждердің баршасы туризмнің дамуына кедергі келтіріп, шетелдіктердің саяхаттауы үшін жұмсайтын қыруар қаржысынан қағып жатыр. Егер өңіріміз барлық халықаралық талаптарға құлақ түріп, тиісті шараларды орындайтын болса, саяхаттау арқылы аймақтың экономикасын көтеріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туындайды. Бұл өз кезегінде Отандық туризмнің дамуына да өз ықпалын тигізбек.

Сурет ғаламтордан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.