Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Отанды қорғау парызың

c 18:07, 09/10/2020 c 540

0:00 / 0:00

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы әскери даярлық оқу орталығының қызметімен танысып, бітімгершілік операцияларды пысықтау оқу-жаттығуларына қатысты.  Мемлекет басшысы бітімгершілермен кзедсеу барысында  қорғаныс министрлігінің алдағы бағыт-бағдарын айтты. Әскери-көліктік авиацияны, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау күштерін, инженерлік әскер, әскери медицинаны дамыту қажет деді.

Қазақстанның қорғаныс саласына қазынадан жыл сайын бөлініп жатқан млрдтар қажеттілікті қамти ала ма?  Жер тұтастығы үшін, елді қорғайтын әскердің қамын қамдаған жөн. Алайда, қазақстандық әскер әлі де болса ең мықты деген посткеңестік үштікке іліге алмай отыр.  Қазақстан әлемдік әскери державалар тізімде 54 орында тұр. Әскери сарапшылардың айтуынша, Республиканың әскери күштері артиллериясы мықты. Дегенмен, толыққанды соңғы үлгідегі қару-жарақпен қамтылған деуге келмейді. Сол баяғы кеңес дәуірінен қалған техника бар. Ел Президенті бітімшершілік күштермен кездесуінде қорғаныс саласын жаһандандыру туралы жоспарымен бөлісті.

Қазақстанның әскерін мықтап қолға алу үшін, ержүрек жауынгер дайындау мәселесі бар. Бұл орайда қазақстандық әскерге барамын деп құлшынып тұрған, тепсе темір үзетін жігіттерді көру сиреді. Жастардың әскер қатарына сұранғаннан гөрі, бұғып қалып жатқаны көп. Оған қоса, медициналық тексерулерден өтпей, көбінің денсаулығы жарамай жатады. Қазақстан халқының санының аздығы да ауқымды әскер құруға мүмкіндік бермейді. Дегенмен, сарапшылар кәсіби әскер болғаны жөн. Әскерде дайындықтан өтіп, шыңдалған келісім шартпен міндетін өтеушілер болғаны дұрыс дейді. Мемлекет басшысы ұлан-байтақ жерімізді қорғау әскерилердің парызы екенін айтты.

Әскери әуе күштері бойынша Қазақстан әлемде 45 орында. Бірақ, көліктік авиация айтарлықтай  мықты деуге келмейді. Оқу-жаттығу өткізетін ұшақтар мәселесі бар. Ал теңіз флотында да географиялық себептерден кедергілер бар. Бір сөзбен айтқанда Қазақстан қорғаныс саласына қыруар қаржы салып жатқан елдері қатарында жоқ. Халықарлық рейтингтік жасайтын агенттіктің дерегінше, Қазақстанның әскери күштерге арналған бюджеті 2,4 млрд долларды құрайды. Сондықтан болар, біздің ел бұл көрсеткіште әлемде 59 орында тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.