Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өрттен кейінгі шиеленіс

c 18:18, 19/04/2018 c 703

0:00 / 0:00

Жайықтың жағалауындағы «Шале» клубының өртенгеніне алты ай болғанымен, қылмыстық іс әлі сотқа берілмеген. Нысан иесі, істің әдейі созылып жатқанын айтып ашынады. Ал «Жайық Таза Қала» ЖШС қызметкерлері клуб өртеніп кеткелі жағалаудың бойында күл-қоқыстың көбейгенін айтады.

26 қазан күні түскі уақытта шале клубы өртке оранған болатын. Оқиға газ қызметінің жұмысшылары есептегіш құралды ауыстыруға келген кезінде болыпты. Өртті ауыздықтауға 19 өрт сөндіргіш техника, жеке құрамның 65 қызметкері жұмылдырылған. Қызыл жалын көлемі 800 шаршы метр. Кәсіпкер Владимир Охватов болған оқиғаға газ құбырларын толығымен жаппаған «Коммуналдық қызметтердің есептеу орталығын» кінәлап отыр.

Клуб иесі шығынның 750 млн теңге болғанын айтады. Газ саласының қызметкерлері болса, кәсіпкердің артқан кінәсін мойындамайды. Өздерінің айтуынша, олар қатаң тәртіппен жұмыс істеген. Ал өрттің нақты себебі әлі анықталар емес.

Қазір өртенген ғимараттың қирандылары реттелуде. Коммуналшылар клуб жабылғалы жағалау маңының ластанып, күл-қоқыс толып кеткенін айтады.

Айта кетелік, бүгінде қаладағы сауда үйлер мен білім беру мекемелері өрт қауіпсіздігіне тексерілуде.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.