Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ОРМАНШЫЛАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫН ЕКІ ЕСЕГЕ КӨТЕРУ КЕРЕК»

c 19:04, 23/12/2022 c 251

0:00 / 0:00

Сенаторлар орманшылардың жалақысын екі есеге көтеруді талап етті. Депутат Айгүл Қапбарова премьер-министр Әлихан Смайыловқа осындай ұсынысты жолдады. Оның айтуынша, орманшылардың еңбекақысы 60 мың мен 100 мың теңгенің аралығында. Қазіргі қызметкерлердің зейнетке шығуына байланысты білікті орман шаруашылығы қызметкерлерінің саны жыл сайын азайып бара жатыр, ал жастар жалақының төмендігін байланысты олардың орнына келгісі келмейді. Сондай-ақ орман шаруашылығының техникалық-материалдық жабдықталуы да сұрақ тудырады.

Қостанай ормандарын шарпыған алапат өрт, елдегі орман шаруашылығының кем тұстарын көрсетті. Сенатор Айгүл Қапбарованың айтуынша, өрт қаупі бар жағдай кезінде орманшылар тап болатын негізгі мәселе- су цистернасы бар автокөліктің тым алыс болуы. Олардың дер кезінде өрт ошағына жете алмауы, қазіргі заманғы әуе құралдарының болмауы, қызметтік көлікпен, арнайы киіммен толық қамтамасыз етілмеуі бар орын алуда. Орманға қауіп төндіретін өртті сөндіру ең алдымен орманшылардың міндетіне жатады. Төтеншеліктер жағдай ушыққанда келеді. Тілсіз жаудан орман алқаптарын қорғап қаламыз десек, сол салада ешбір жағдайсыз еңбек етіп жүрген орманшылардың материалдық мәселесін шешуіміз керек дейді сенатор. Себебі, республика бойынша ең төменгі жалақы алатындар -орман шаруашылығының қызметкерлері.

Қазіргі орманшылардың зейнетке шығуына байланысты білікті орман шаруашылығы қызметкерлерінің саны жыл сайын азайып бара жатыр, ал жастар жалақының төмендігін байланысты олардың орнына келгісі келмейді дейді депутат.

Осылайша сенаторлар орманшылардың жалақысын екі есеге көтеруді талап етті. Мысалы Польшада орманшының жалақысы 2 мың еуроға жуықтайды. Міндетті түрде қасында көмекшісі болады. Сондағы бірігіп бақылайтын аумағының көлемі 2 мың гектар дейді мамандар. Бұл елде орманшы лауазымына байқау арқылы өтеді. Жоғары білімі барларға басымдық беріледі. Ал Қазақстанда орта немесе кәсіптік білімі жоқ азаматтарды да жұмысқа ала береді. Елде жыл сайын мемлекет орман шарушалығына оқитындарға 1 мыңға жуық грант бөледі. Оқу тегін болғандықтан түседі де, кейін жалақысы аз деп, басқа мамандық бойынша жұмыс істейді. Тек жалақыны көтеріп ғана бұл салаға білікті мамандарды тартуға болады дейді депутаттар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.