Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орман өрті көбейген

c 17:33, 08/10/2019 c 809

0:00 / 0:00

БҚО-да орман отқа оранды. Бәйтерек ауданы «Жайық-2» ауылында да осындай жағдай қалыптасқан. БҚО ТЖ департаментінің мамандары таратқан мәліметке қарағанда, өрт сонымен қатар Орал мен қала маңындағы Теректі және Бәйтерек аудандарын да шарпыған.

Құтқарушылағарға Желаев кентінде құрғақ шөп пен орман жанып, ол Теректі ауданы Әйтиев ауылына қарай ауысқаны жөнінде хабар түскен. Бәйтерек ауданы Жайық-2 ауылында да осындай жағдай қалыптасқан. Шамамен 15 гектардай жер өртенген. Ауыл тұрғындары жалынды уақытында сөндірмесе үйсіз қаламыз ба деген уайымдарын жасырмады.Сондай-ақ Бәйтерек ауданы «Яик-2» т.б бау-бақша серіктестіктерінен 30 дан аса саяжай үйі жанып кеткен. Осы серіктестіктен 11 адам эвакуацияланды. Оқиға орынына ТЖ департаментінен 103 қызметкер, 13 техника, полиция департаментінен 32 қызметкер, 5 техника, орман шаруашылығы мекемесінен 20 қызметкер, 3 техника, ерікті өрт сөндіру жасақтарынан 30 қызметкер, 5 техника, «Қазақстан темір жолынан» өрт сөндіру пойызы мен 6 қызметкер барды. Кей аумақтарда өрт әлі сөндірілмеген. Оған желдің күшті болуы да әсер етуде. БҚО полиция департаментінен өрт сөндіруге 75 қызметкер тартылған.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.