Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақтан шыққан алғашқы олимпиада чемпионы Оралға келді

c 11:54, 19/02/2018 c 1304

0:00 / 0:00

Жақында ғана қалың көрерменге жол тартқан "Движение вверх" фильмінде 1972 жылғы Мюнхен ойындарыны тарихи негізде еш боямасыз суреттелген. Ал осы туындыдағы басты қаһарманның бірі - қазақтан шыққан алғашқы олипиада чемпионы Әлжан Мүсірбекұлы. Ардагер спортшы кинотуындыны оралдық жастармен бірге тамашалау үшін өңірімізге арнайы ат басын бұрыпты .Кино көрсетілімінде облыс басшысы Алтай Көлгіновпен қатар, қала әкімі, орынбасарлары мен облыс әкімінің орынбасарлары да болды. Әлжан Жармұхамедов - КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Олимпиялық ойындардың да, Еуропаның да бірнеше дүркін чемпионы атанғаны белгілі. Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы бүгінде Мәскеу қаласында тұрғанымен атамекен елінен қол үзген емес. Туған жерін аңсап келген Жармұхамедов бүгін міне Орал қаласында. Даңқты спортшыға өскелең ұрпақ қызыға қарайды. Ал олимпиада жылдарын ақсақал жасына жеткен баскетболшы сағына еске алады. Шара барысында спортшы жастарға қолтаңбасын беріп, бірге суретке де түсті.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.