Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралға "Ақ жол" ҚДП жұмыс тобы келді

c 18:49, 01/02/2019 c 376

"Ақжол" Қазақстан Демократиялық партиясының жұмыс тобы өңірімізге табан тіреді. Мәжіліс депутаттары Ақжайық өлкесін аралап, кәсіпкерлік нысандарының әл-ауқатымен танысып жатыр. Халық қалаулылары облыстық партия өкілдерімен де бас қосқан еді. Жиында талқыланған сауалдар көп. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы мен "7-20-25" бағдарламалары да бар. Мәжілісмен Ерлан Барлыбаев ауыл шаруашылық саласында орын алатын түйіткілді мәселелерді ортаға салды. Мәселен, кәсіпкер бір облыста шаруашылық ашып кәсібін дөңгелентіп отырып, өзге өңірде де ауыл шаруашылығын ашып, оны басқара алмайтын жайттарды бүкпесіз баяндады. Сондай-ақ, Елбасы "Бес әлеуметтік бастамасының" аясында "7-20-25" бағдарламасын жасақтатып, өзгенің босағасында жүрген азаматтарға арналған баспана салуға тапсырма жүктеген-ді. Осы тапсырмаға сәйкес, еліміздің аумағында жұмыстар атқарылып жатыр. Десек те, мәселе шаш етектен. Халық қалаулысының сөзіне сенсек, аталмыш бағдарламаға тек 3000 адам қатысуға өтініш жолдапты. Ал, Азаматтардың басым көпшілігі үйді несиеге рәсімдей алмай отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.