Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралдық жастар спортта шынықты

c 09:55, 22/01/2018 c 934

0:00 / 0:00

«Уинтер фест» атты ауқымды шара жаңа алаңда ұйымдастырылған болатын. Қысқы фестиваль ерекшелігі оған барша шаһар тұрғындарының белсене қатысуы болды. Жаңа алаңдағы мұз айдынында өткен шараны облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен қалалық дене шынықтыру спорт бөлімі бірлесе ұйымдастырды. Фестивальдің негізгі мақсаты биыл Пхенчханда өтетін қысқы олимпиада ойындарына қатысушы жерлестерімізге қолдау білдіру. Осылайша, жастар көпшілік конькимен сырғанау арқылы тиімді уақыт өткізіп, салауатты өмір салты мен бұқаралық спорт түрлерін дамытуға зор үлес қосты. Шара барысында эстафеталық ойындар да өтті.
Айта кетелік, өткен демалыста шаһардағы бірқатар мұз айдындарында көпшілікке коньки тегін берілді. Игі шара келешекте де жалғаспақ.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.