Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралдық өрендер жеңіспен оралды

c 16:46, 07/11/2018 c 816

0:00 / 0:00

Оралдық жас спортшылар ашық халықаралық турнирде он төрт медальді қанжығалады. Спортшылар өзге қалада ұйымдастырылған сайыста 3 алтын, 10 күміс және 1 қола жүлдеге ие болыпты.

Семей қаласында ұйымдастырылған сайыс қарашаның 2-сі басталып, 4-не дейін болып өтті. Спорттық сайысқа Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғыстан елдерінен келген спортшылар бақ сынапты. Жалпы алғанда Семей топырағында 500 спортшы жиналыпты. Байрақты бәсекеде Ақ жайық өңірінің намысын 11 спортшы қорғапты.

Жас спортшылар сайыстың қиынға түскендігін атап өтті.

Семейде ұйымдастырылған сайыстан оралған жас спортшылар ел намысын қорғау үшін Минскке жол жүрмекші. Белоруссиясының астанасында ұйымдастырылатын сайыста таэквандодан әлем кубогі сарапқа салынбақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.