Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралдық науқас баланың ата-анасы алаяқтарға алданып, ақшасынан айрылды

c 18:25, 10/09/2018 c 772

Жығылғанға жұдырық! Шымкенттік алаяқтар науқас балаға деп қайырымды жандардардан жиналған ақшаны ұрлап кетті. Орал қаласының Серебряков кентінде тұратын денесінің сау тамтығы жоқ "хрустальды бала" жөнінде телеарнамыздан бейне материал көрсетілген болатын. Туа біткен жетілмеген сүйек дамуы дертінен зардап шегіп, төсекке таңылған Әділхан Бисембайұлының жағдайы ешкімді бей-жәй қалдырмады. Мұны көрген қайырымды жандар мүгедек баланының ата-анасының шотына ақша аударып, қаржылық көмек көрсеткен болатын. Бір күні қоңырау шалған белгісіз азамат балаға қажетті отаны тегін жасап беретінін айтып, Шымкент қаласына шақырады. Қуаныштары қойнына сыймай Шымкентке жеткен отбасыны қарсы алған адам өзін дәрігермін деп таныстырып, дәріге қажетті 145 мың теңгені шешіп беруін сұрайды. Жалдап алған пәтерде көмектесемін деген адамды күтіп шаршаған отбасы алданғандарын кеш сезеді. Абырой болғанда пәтер иесі жағдайды түсініп, оларды үйіне тегін паналатып отыр. Ал оның заңгер құрбысы қиындыққа тап болған отбасыға қол ұшын созып, құқықтарын қорғауға тырысуда. Ішкі істер органына арыз жазып, тергеу жұмысы қолға алынған болатын. Бүгінгі күні алаяқтардың біреуі анықталды деген хабар бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.