Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда тырысқақ ауруы табылды

c 15:56, 30/05/2018 c 1758

0:00 / 0:00

Оралда тырысқақ ауруын жұқтырған науқас анықталды. Бұл дерт адамзатты апатқа ұшырату жөнінен обадан кейінгі екінші орынды алады. Дәрігерлер облыс тұрғыны аса қауіпті жұқпалы ауруды шетелге сапары кезінде жұқтырған деп болжап отыр. Оқиға орнынан арна тілшілері баяндайды.

Жедел жәрдем қызметіне шұғыл дабыл түскен бойда медициналық қызметкерлер пойыз бойына жетті. Тырысқақ ауруын жұқтырған науқас анықталған вагон да бірден оқшауланып, дәрігерлер тұрғындарды тексерді. Индия еліне саяхаттап келген олардан қауіпті аурудың белгілері байқалады.
Міне, осындай оқыс жағдайлар орын алған кезде жергілікті дәрігерлер дереу әрекет етіп, байбаламға бармастан шеше алатындарын көрсетті. Осындай оқу-жаттығулар да олардың біліктілігін байқатып, бұқараның әсерін білу үшін ұйымдастырылады. Айта кетелік, тырысқақ сынды қауіпті ауру облыс аумағында соңғы рет 2005 жылы тіркелген. Ал одан сақтану үшін қарапайым тазалық сақталуы қажет екен.

Автор:
Оператор: Ербол Аманшин

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.