Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда жол жөндеу жұмысы тым баяу жүргізіліп жатыр

c 18:03, 09/08/2018 c 873

0:00 / 0:00

Бұл Орал қаласы тұрғындарының арыз-шағымы. Шыдамдары шегіне жеткен көпшілік көктемде жұмыс бастаған мердігерлердің күзге дейін бір көшені жауып қойып, тасбақадай ілбіп, қамсыз жүргендеріне ызалы. Сонымен ұзаққа созылған жолдың жыры қашан бітеді? Кептелістен көз ашпай қалған қалада мердігерлер тапсырманы берілген мерзімде орындап отыр ма?

Биыл Орал қаласында 50 көшенің жолын жөндеу жоспарланса, қазір 70 пайыз жұмыс орындалыпты. Бір жылда осынша ауқымды жоспарға байланысты жолдардың жабылуы көлік кептелісін қалыңдатты. Алғашқыда шыдап бағуға тырысқан тұрғындар бұл іс сағызша созылады деп ойламадық дейді. Себебі кейбір нысандар көктемде жабылғанан ашылмады. Солардың бірі-Петровскиймен қиылысқан Мәметова көшесі.

Дегенмен сала мамандары барлық жұмыс қатаң бақылауда деп мәлімдеп отыр. Айтуларынша, жол жөндеумен бірге инженерлік желілер салу жұмысының қатар атқарылуы уақытты талап етеді. Коммуналдықтардың айтуынша, маңызды қозғалыс бөліктерінің қатарында көпір құрылысына айрықша мән беріліп отыр. Мердігерлер Депо көпірін ертерек қолданысқа беруге күш жұмсауда дейді бөлім басшысы. Неліктен екені белгісіз, әсіресе кен өндіруші кәсіпорынның әлеуметтік төлемдері арқылы жөнделетін көшелерде мердігерлердің шабандық танытып отырғаны байқалады. Күн ұзаққа нысан басында жүрген жұмысшыны сирек байқаймыз деген құрылысшылар жұмыс қарқынын арттыруды талап етуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.