Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда жол апатынан коммуналдық кәсіпорының 2 қызметкері жараланды

c 17:08, 29/08/2018 c 915

0:00 / 0:00

Орал қаласында бүгін жол-көлік апатынан 2 адам зардап шегіп, түрлі ауыр жарақатпен, сүйек сынықтарымен аурухана жеткізілді. Оқиға Әбілхайыр хан даңғылының бойында қиылыстардың бірінде орын алған. Өз жолымен келе жатқан "Ниссан" көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, бағдаршамда тұрған "УАЗ" маркілі көлікке соқтығысқан. Қазір аталмыш факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Зардап шеккен 2 адам да "Жайық таза қала" ЖШС-нің қызметкері болып шықты. "Ниссан примера" маркілі жеңіл авто көлік Әбілхайыр хан даңғылымен келе жатып, Сергей Тюленин көшесімен қиылыста қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан бағдашамда тұрған коммуналдық кәсіпорынның "Уаз" маркілі көлігіне соқтығысыпты. Жүргізуші жол апатының алдын алу мүмкін емес болғанын айтады. Себебі ол жолын кесіп өтпек болған Газель макрілі авто көліктен қашпақ болған. Қатты соққы кезінде Ниссанның екі қауіпсіздік жастықшасы да іске қосылыпты.

-"Зардап шеккен екі адам- 1971 және 1984 жылғы. Екеуі де бас миының жабық жарақаты, ми шайқалуы мүмкін деген диагнозбен облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Жедел жәрдемге шақырту жөніндегі қоңырау сағат 10:05те түскен",-деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунова.

Оқиға орнында жол сақшылары жұмыс жасап, куәгерлер сөзі мен айғақтарды жинақтап, тексеруде. Зардап шеккен азаматтың бірі нейрохирургия бөлімінде ем қабылдауда. Екіншісі үйіне жіберілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.