Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда төрт жұлдызды жаңа қонақ үй мен заманауи бизнес-орталық салынады

c 17:22, 07/10/2019 c 824

0:00 / 0:00

Оралда төрт жұлдызды жаңа қонақ үй мен заманауи бизнес-орталық салынады. Бұл орталық Құрманғазы көшесіндегі бұрынғы «Дом быта» сауда орталығының ғимаратында орналасатын болады. Мұндай ақпар өткен аптаның жұмасы күні БҚО-ның әкімдігінде инвестициялық ахуалды жақсарту тақырыбындағы кеңес отырысында белгілі болды. Өңір басшысы Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен жиында Орал қаласында салынатын бизнес орталық пен төрт жұлдызды қонақүйдің жобасы мақұлданды. Басқосуда сөз болғандай, биыл кеңестің екі отырысы өтіп, онда 31,8 млрд. теңге мен 357 жұмыс орыны құрылатын алты жоба мақұлданған.Жиында облыстық Кәсіпкерлікті басқару және индустриалды инновациялық даму басқарма басшысының міндетін атқарушы Мақсат Құланбаев алдыңғы кеңес отырысында мақұлданған жобалардың іске асуы жайында баяндады. Сондай-ақ жүзеге асу барысындағы 14 жобаның ішінде Бөрлі ауданындагы асфальт бетон зауыты, Новенький ауылындағы қияр өсіру жылыжай кешенінің құрылысы, Орал қаласындағы халықаралық стандартқа сәйкес заманауи қонақүй және Бәйтерек ауданының Янайкин ауылындағы 500 гектар жерге салынатын жемшөп базасы, заманауи ойын-сауық кешені, Қаратөбе ауданынан бес мыңнан 40 мыңға дейін Романов тұқымындағы қойларды өсіру және өзге де ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп жобалары жүзеге аспақ. Кеңестің шарықтау шегі деп " Серік ӨЖК" ЖШС-ның Орал қаласында Құрманғазы көшесі 173 мекенжайында салынатын бизнес орталық пен қонақүй жобасының таныстырылымын айтуға болады. Қонақүй халықаралық франшиза үлгісінде бой көтермек. Жобаның құны 8 млрд. теңге. Қазіргі таңда қонақүйдің орынында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, инженерлік желілер тартылды, сондай-ақ ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Бірінші қабатта төрт конференц-зал, 25 кеңсе және бір мейрамхана болмақ. Сонымен қатар, 58 көлікке арналған автотұрақ, бассейн,фитнес-орталық қарастырылған. Құрылыс жұмыстары кезінде 70-тен астам тұрғын жұмыспен қамтамасыз етілмек. Келесі жылы басталатын қонақүйдің құрылысы 2023 жылы аяқталады деп жоспарланған. Басқосуда аталмыш жоба бірауыздан мақұлданды. Жиынды қорытындылаған өңір басшысы аталмыш жобаның облыстағы туризмді дамытуға қосатын үлесінің зор екенін айтты.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.