Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда "Президент шыршасы" өтті

c 10:23, 24/12/2018 c 688

0:00 / 0:00

Бүгін облыс орталығында Президент шыршасы өтті. Аталмыш шара жыл сайын ұйымдастырылып, жүздеген оқушыға жаңа жылдық тамаша көңіл-күй сыйлап, балалық шақтың естелігіне айналғандай. Биылғы жылы 180 батысқазақстандық оқушы Елбасының құттықтауын тыңдап, Президенттің тартуына ие болды. Еліміздің басты шыршасына арнайы келген оқшылардың 120-сы ауылдық өрендер, отыз шақты бүлдіршін облыстық мектептерде білім алып жатыр. 

Барлық оқушы жаңа жыл мерекесінің қарсаңында президент шыршасын асыға күтеді. Жыл сайын ұйымдастырылатын салтанатты шара биылғы жылы 180 бүлдіршіннің басын қосты.

Түрлі мультфильм кейіпкерлері мерекеге жиналған бүлдіршіндерге тамаша көңіл күй сыйлады. Олар шыршаны айналып ән шырқады.

Мерекелік кеш барысында оқушылар елбасының құттықтауын тыңдап, жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды. Жалпы балақайларға арналған сыйлық үшін 16 млн теңгедей қаражат бөлінген. Әрбір балаға қысқы киім, мектеп формасы мен тәтті кәмпиттер сыйға тартылды.

Президент шыршасына келген әрбір бүлдіршінің көңіл-күйі көтеріңкі еді. Балақайлар өз өнерлерін ортаға салып, барша қазақстандықтарды құттықтады.

Президент шыршасынан кейін, барлық оқушылар "Сити центр" ойын-сауық орталығында орналасқан "Фанкитаунға" бармақшы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.