Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда өмірдің қиын жағдайында қалған жандар некелерін қидырмақ

c 18:10, 23/02/2018 c 740

Махаббат жасқа қарамайды. Орал қаласындағы өмірдің қиын жағдайында қалған жандарды бейімдеу орталығында неке қию рәсіміне дайындалып жатыр. Орталықтың қамқорлығына алынған 58 жастағы Галина Полякова мен 49 жастағы Қайыржан Куттымбаев осы мекемеде танысып, көңілдері жарасып, табысқалы отыр. Олардың бұл шешіміне әкімшілік ешқандай қарсылық көрсетпеген, керісінше, қолдап, қос ғашыққа бақыт тілеуде.

Орталықта қазір 61 адам тұрып жатыр. Өмірдің қиын жағдайында қалған жандарды бейімдеу орталығында оларға әлеуметтік, медициналық, құқықтық қызметтер көрсетіледі. Орталықта тұрып жатқан Галина Полякова мүгедектігіне қарамастан өмірге жарқын көзбен қарайды. Бір аяғы жоқ болса да ол ширақ қимылдап, бөлме тазылығы жағынан да өзгелерге үлгі болып жүреді екен.

Қайыржан Куттымбаев темір тордың ар жағында 16 жылын өткізген. 2 рет қылмыстық жазаға тарылған. Өзі бұған алкогольге әуестігі себеп болғанын айтады. Қазір "Жайық таза қала" ЖШС-де жұмысқа жасап жүр. Осы айда бірінші еңбек ақысына қол жеткізбек. Галина өзінің қалған ғұмырын Қайыржанға арнап, оның тегін қабылдауға шешім қабылдапты. 1-наурызда оларды мекемеде заңды некелерімен құттықтау шарасын өткізгелі отыр.
-"Алдағы уақытта мен оны кез-келген уақытта қолдап, жанынан табыламын",- дейді ол. Ал Қайыржан Куттыбаев өзінің жазасын өтеу кезінде көп ойланғанын, енді жаңаша өмір сүріп, қазақ елінің лайықты азаматы болғысы келетінін айтты.

2017-жылы орталық қызметіне жүгінген 160 адамның 52-сінің құжаттары рәсімделген, 2-еуі мүгедектік алып, 11 адамға зейнетақы тағайындалған. 7 адам қарттар үйіне жолданса, 20 азамат отбасына оралыпты. Мекеменің бюджеті 55 млн. теңгені құрайды.

Қос жұп жас ерекшеліктеріне қарамастан ыстық сезімге бөленіп, өмірдің жаңа парағын бастағалы отырғандарын айтады. Ендігі армандары баспаналы болып, бақытты ғұмыр кешу.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.